М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nelli40
nelli40
03.10.2022 12:02 •  Қазақ тiлi

Құқық әлемі эссе! ПОМАГИТЕЕ и да с новым годом​

👇
Ответ:
Ylija2002
Ylija2002
03.10.2022

Өңдеу

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.[1]

4,7(13 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
EkaterinaZeyb
EkaterinaZeyb
03.10.2022

Тіл қай ұлтта,қай елде болса да қастерлі,қасиеті шексіз.Ол әрбір адамның бойына ана сүімен бірге еніп,дариды.Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы.Атадан юалаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы.Демек,әр адам ана тілін көзінің нұрындай қорғауы тиіс.

Біздің ана тіліміз шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтеру мен бірдей десек, қателеспеген болармыз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баста көрсеткен болатын.

Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір бірінен даралап тұратын басты бойтұмары - туған тілі. «Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті»,-деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түсті. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойщыл, ақын жазушыларымыз, даналарымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдейлеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өңірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналары сөзсіз. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз ­туған тіліміздің мерейін үстем етті.

Объяснение:

..

4,6(77 оценок)
Ответ:
dostovalovaanast
dostovalovaanast
03.10.2022

Объяснение:

Менің пікірім бойынша, Абай атамыз бұл қара сөз арқылы адамдардың бірден ақылды, атақты, данышпан болып туылуы мүмкін емес екендігін, адам барлығын біліп туылмайтынын түсіндіргісі келген. Өмірдегі қиыншылықтар мен түрлі қиын-қасіреттерді, жаман мен жақсыны көріп қана бұл дүниеде бір нәрсені біліп, үйренуге болады. Ең маңыздысы - өмірдегі әр болған оқиғадан өзіңе сабақ алу. Егер жақсы болса, одан да игі істерді жасауға тырысып, ал жаман болса, сол істерді жасамауға ниет қылған жөн. Бір сөзбен айтқанда, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек. Адам жақсы нәрселерді ескеріп, жаман нәрселерден сақтанып тек қана жақсылық жасауға ұмтылып тұрса онда ол адамның адамгершілігінің молдығын, жалпы "адам" деген атқа лайық екенін аңғаруға болады. Ал нағыз жақсы адамды мойындамай немесе оған сенбеген адамға артық сөз айтудың да керегі жоқ. Ондай адамдарға тырысып түсіндіргенше, жақсыларды мойындайтын жануарды баққан дұрыс дейді. Яғни жақсыны мойындамау - жануардың ісінен бетер.

4,5(4 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ