М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
bellalove200
bellalove200
24.01.2022 10:54 •  Қазақ тiлi

Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын көрсет, ойыңды айт.​


Мәтіндегі ақпараттың дұрыстығын көрсет, ойыңды айт.​

👇
Ответ:
Вано153
Вано153
24.01.2022

Алаш ордасы ( партиясы )

1.Дұрыс себебі, құлдырап бара жатқан қазақ елін қайта аяққа тұрғызу басты міндет болды.

2. Дұрыс себебі, 20 ғасырдың басында өзінің ұлтын сүйген ( патриот ) , құқық пен тарихты жақсы меңгерген қазақ оқымыстылары “Алаш” партиясын ұйымдастырды.

3. Дұрыс емес, кеңес одағы кезінде , “Қазақпын” деп шығуға қарапайым халықтың білімі де,күші жетпеді, ал шыққан жағдайда көзін құртып отырды, саяси күреске тек қазақтың оқыған азаматттары шықты.

4. Дұрыс, себебі олар Қазақтың қамы үшін, азаттық үшін жанын салып оқыды. Керек десеңіз, Кеңес үкіметінің басшыларының ондай білімі болмады.

5. Дұрыс, себебі Ә. Бөкейхан және т.б. Қазақ оқымыстылары Алаш көсемі болды. Көсемдердің саны 15 еді, себебі 15 адам партияны ойлап тапты.

6. Дұрыс емес себебі, 40 жылы емес, 30 жылы қырғынға ұшырады, Қазақ зиялыларын, Алаш орда көсемдерін біртіндеп қырды. Олардың артынан қалдырған жазбаларын қолдануға тиым салды, және мұраларын жойып жіберді.

4,6(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
bagaeva02
bagaeva02
24.01.2022
Сәлем достым. Сіз Қазақстандағы әдемі жерлердің көп екенін білесіз бе? Мысалы: Іле Алатауы Тянь-Шаньның солтүстік-батысында орналасқан. Қазақстанның бұрынғы астанасы - Алматы қаласында орналасқан бір миллион қаласының солтүстік бөктерінде. Медеудің танымал спорт кешені, Ассы-Түрген обсерваториясы және Шымбұлақ шаңғы базасы. Немесе: «Қазақстанның Швейцариясы», емшілік оазисі, жарық шипалы ғажайып жаңа елорданың Астана және Көкшетау арасында орналасқан Қазақстанның солтүстік шекарасынан созылып сахналық алаңы, деп аталады. Оның есімі орыс тілінде де, жергілікті диалектілерде де бірдей - Боровое.
4,4(90 оценок)
Ответ:

Қазақстанның көрікті жерлері туралы досыма хат.

Сәлем, Алина! Қал – жағдайың қалай? Үйіңе аман – есен жеттің бе? Мен қазір саған ауылдан хат жазып отырмын. Екеуміздің халықаралық балалар орталығында танысқаныма өте қуаныштымын, енді осы хатымда мен саған Қазақстанның көрікті жерлері жайлы айтып кеткенді жөн көрдім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Мен өз басым Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында тұрамын. Ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау - менің арманым, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.

Келешекте Қазақстанның Қостанай, Павлодар, қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау, Атырау, сонымен қатар шырайлы Шымкент қалаларын аралағым келеді.

Ал сен бұрын Қазақстанда болдың ба? Болмасаң, мен сені қонаққа шақырамын, жазғы демалыс уақытында келіп, қонақ болып кет.

Хат жазып, хабарласып тұр.

Сәлеммен, досың Амира.

4,8(14 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ