М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yuljasha1982p0bvky
yuljasha1982p0bvky
22.04.2021 18:30 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы өмірі мен шығармашылығы жайлы негізгі ақпараттармен тоқталыңыз​

👇
Ответ:
Фейз
Фейз
22.04.2021

1926 жылы «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар!» деген ашық хатында Жүсіпбек Аймауытов: «Ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Жаннан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін!» - деп жазған екен.

Сұлтанмахмұт – шын мағынасында осы сөзге татитын ақын. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін жаңа биікке көтеріп, заманының қайшылықты шындығын шығармаларында жан-жақты бейнелеген, көркем сөздің халықтық мән-мағынасын көтеріп, жаңа жанрларда ізденістер жасаған ол туған халқын отаршылдық пен ұлттық егзінің екі жақты қанауынан азат етуге, ел бостандығына үн қосты.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға» ұмтылды. Қоғамдық шыңдық пен әділет жолын талмай іздеп, туындыларына арқау еткен ақын көп жабының бірі болып қалмай, от боп жанды, құйрықты жұлдыздай ағып өтті.

Сұлтанмахмұг 1893 жылдын 28 қазанында туған. Шешесі қайтыс болғаннан кейін, болашақ ақын алты жасқа дейін әжесінің тәрбиесінде болады. Содан кейін Шоқпыт екі баласын алып туған жері - Баянауылдағы ата қонысына көшеді. Торайғыр көліне таяу жерден қыстау салады. Сұлтанмахмұттың балалық шағы осы жерде өтеді. «Баян тауы Қозы Көрпештің Баян сұлуы туған тау деседі. Аспанмен тілдескен асқар шың, тік жартас, түпсіз күз, таудың ұшар басынан етегіне дейін сыңсыған сыпсың қарағай, ақ қайың, барғын, мойыл, киядан ойға, ойдан орманға сүңгіп, сыбдырлап, бұраңдаған бура бұлақ, шеккен алыптай асқар Баянның оң қолтығында айнадай жарқыраған Сабындыкөл, сол қолтығында түндей түнерген Шойындыкөл (Жасыбай көлі бұрын солай аталған деседі), жамбасында тас аралды, көк құрақты Торайғыр көлі, жаз болса көкорай шалғын, көк балауса, жасыл жапырақ жеміс, тау іші ың-шың аң, бұта толған жыршы құс. Міне, сол секілді зәулім жаратылыстың бауырында бала Махмұт балдырғандай балалық шағын өткізеді» - деп жазған Жүсіпбек Аймауытов.

4,6(51 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
dilnoza2006
dilnoza2006
22.04.2021

Менің қалам – Петропавл.

Менің туған қалам – Петропавл қаласы. Петропавл — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан бері). Қаланың негізі Есіл өзенінің оң жағалауында 1752 жылы қаланған. «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» демекші, өз туған қаламды ерекше жақсы көремін.

Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан.

Бүгін біздің Петропавл — 222 шаршы км-ді алып жатқан Республиканың ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. Онда 130 ұлт 205,9 мың адам тұрып жатыр. Қазіргі кезде Петропавл астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. «ТМД-ның үздік қаласы» көрме-конкурсына қатысып, үш грантқа ие болды, оның ішінде «Тарихи-мәдени мұраларды сақтағаны үшін» грантына лайықталды.

Соңғы жылдары Петропавл қаласы бидай өсіретін сонымен қатар бидай шығаратын 3 млн га бидай егілетін және бидай жинауда Қазақстан Республикасының 25 % өнімін құратын аймақтың орталығына айналды. Менің қалам екі маңызды темір жол магистралы: Транссібір және Трансқазақстан жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан.

4,5(58 оценок)
Ответ:
Whatafaka718
Whatafaka718
22.04.2021
По вертикали
1. Керей ханнын кесі аты кандай
2. Рманазы Саырбайлы ай алада немесе ауылда дуниеге келді
3. 1931 жылда ай ала азастан Республикасын астанасы болып аталды
5. Укаш атанын мазары ай аланын касында орналасан
8. Жеті Жарыны кім жетілдіріп бекітті
10. Отырар аласынын баса аталымы
11. Шырырабт аласы азастаннын ай облысында орналасан
12. Андай филосов, математик, шыыс алым 872 ж. Дниеге келген
14. Араанды облысындаы кмір алабын алаш ашушы кім болып саналады
16. Аза ылым-тілші, филолог,педагог, оам жне мемлекеттік айраткер 1899-1938 жылдарында мір срген кім
17. 1854 жылда азастандаы ай ала рылды
По горизонтали
4. Азастанды аспапты этно-рок стиліндегі музыкалы жым
6. Р-сындаы маталл тауып жне ндіретін орталы
7. Азастаннын е биік тау
9. Оыздардын астана болан кне ала
12. Кіші Жзді Шер Гази-ханнын ксінін аты кім
13. Р-сынын ай зеніне грек тарихшылар «таниас» деген ат ойды
15. Азатын бесінші ханы кім болан
18. Ай мемлекеттік табии орыы 2004 жылда рылан
19. Кне орыс жылнамаларда ыпшатарды алай атады

Этот кроссворд на тему казахстан
4,8(1 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ