1) Сұраулы сөйлем деп – біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
2) Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.
3) Отбасы туралы мақал-мәтелдер:
Өз үйім өлең төсегім.
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
Қарындасың – қарлығашың.
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Отан – отбасыдан басталады.
Отбасының өнегесі – Отанның өнегесі.
4) Абай Құнанбаев өзінің жетінші қара сөзінде адамның екі түрлі мінезі туралы,білім,білуге ұмтылу керектігі айтылады.
1)Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең
2)Негізінен мал шаруашылығымен айналысты
3)Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%- ын осы ірі қара малы береді.