Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі
Дүйсенбайдың қора-қора малы бар. Сенімен бетпе-бет кездесуім керек. Мектепте оқушылар кезек-кезек жауап береді. Ата-анаңды сыйлай біл. Біз бүгін қонаққа үлкен-кішісі бар барлық туыстарды шақырдық. Азды-көпті көргенім бар, ақыл айтар шамам бар. Ағайын-туған тату болса, береке болар. Өмірде дос-жарыңды ренжітпе. Мен жаз айларында жап-жақсы жүзуді үйрендім. Өзіме әп-әдемі көйлек сатып алдым. Сенің бауырың үп-үлкен болып кетіпті. Жаңбыр кенеттен сарт-сұрт етіп жауып кетті, найзағайлар жылт-жылт етіп жарқырады.
с 20 по 31 марта
Объяснение: