М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Алька0511
Алька0511
22.08.2022 15:49 •  Қазақ тiлi

Суретке қара. Тақырыбын анықта. Мәтін құрап бериңизши тақырыбы табиғат

👇
Ответ:
ivanova48
ivanova48
22.08.2022

Табиғат - ғажап әлем.

Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.

Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер - Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман - тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя - бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым! Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.

Туған жерді Анам демей не дейін,

Туған жерді панам демей не дейін.

Туған жермен асқақ менің ән - жырым,

Туған жермен асқақ менің мерейім.

(Жұбан Молдағалиев)

«Табиғат – Ана», «Жер – Ана», «Отан – Ана» деген киелі сөздердегі «Ана» деген сөздің қосылып айтылуында зор мән бар, яғни бұл сөздер адамды дүниеге әкелуші, әрі оған өмір сыйлап, өз перзенттеріндей аялы алақанымен аялап, жүректегі ең ыстық ықыласы арқылы бүкіл мейірім шапағатын арнайтын аяулы да ардақты «Ана» деген ұғымды нақтылай түседі. Табиғат, Жер – Ана, туған жер, атамекен, ауылым деген жанға жайлы, сезіміңді сергітетін сөздер бір - бірімен үнемі үндесіп, құлаққа жағымды естілетін бір - бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.

можна лайк

4,6(31 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
g1122611
g1122611
22.08.2022

Мен әжем Валяны жақсы көремін. Бұл ананың анасы. Ол адамдар «әже» сөзін естігенде елестететін бейнеге мүлде сәйкес келмейді. Ол көзілдірік немесе орамал тақпайды, тоқылғанды ұнатпайды, көйлектер мен халаттардан джинсы мен жемпірді жақсы көреді. Ол да жас - небәрі 53 жаста. Сондықтан ол сирек пирог пісіреді және көп уақытты жұмыста өткізеді. Мен үшін ол Валя әже, ал қалғандары - хирург Валентина Сергеевна. Кейде әже күледі және ол әжесі болған кезде ғана суреттердегі әжеге ұқсайтынын айтады - ертерек емес.

Валя әже өте сымбатты, сымбатты, жігерлі. Ол жылдам қарқынмен жүреді және үнемі бір нәрсемен айналысады. Ағам екеуміз үшін ол әрқашан үлгі болды. Ол көп нәрсені біледі және бізге көп нәрсені үйретті. Ол сондай -ақ тамаша әңгімеші. Ол бізге қанша қызықты әңгімелер айтты! Ол сондай -ақ гитарада ойнауды біледі және маған аздап үйретеді.

Менің әжем әлемдегі ең жақсысы!

4,4(49 оценок)
Ответ:
SAVAAVAAS
SAVAAVAAS
22.08.2022

Табысты адамдар таңертең ерте тұрады. Бірақ бұл өте ерте тұрып алуды көздемейді. Тек сіз үлгеретін уақытыңызды анықтап алыңыз, сосын сол уақытта тұрып үйреніңіз. Бизнесмендер әрқашанда жұмысқа ерте барады. "ерте тұрған адамның ырысы да, бір ісі де артық" екенін ұмытпаңыз.  "persi" компаниясының бұрынғы төреағасы - Стив Рейнмунд таңғыы 5:00 де тұрып алып, 7 шақырымды жүгіріп өтеді екен. Ал "apple" компаниясының бас директоры - Тим Кук таңғы 5:00-де жаттығу залында болады. Табысты адамдар бір күннің жоспарын жазып алады.

Объяснение:

Ары қарай дұрыс

4,7(83 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ