М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AloysiuS
AloysiuS
08.03.2021 04:55 •  Қазақ тiлi

составьте на казахском эссе :»профессии будущего «

👇
Ответ:
Duma10
Duma10
08.03.2021

ответ:Менің болашақ мамандығым

Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет.  Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Бұл мамандық адам бойындағы бүкіл өнерін, қабілетін, жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі. Негізінен бұл - аса қауіпті мамандықтың бірі болып табылады. Сондықтан да осы мамандық аса батылдықты талап етеді. Жақсы журналист жақсылықты көреді, жаман журналист кемшілікті көреді. Жақсы журналист көргенін жазады, ал жаман журналист біреуден естігенін жазады. Журналист сан түрлі ғылым саласына еркін ой жүгірте алатын тұлға болғаны ләзім. Журналистика мамандығының хас шебері атанғым келеді. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теріп, білікті маман иесі болғым келеді. «Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір»-дейді. Жалпы айтқанда журналист адам мен өнерді дәнекерлеуші.

Журналистика-күш, ашық пікір, шынайы мінез, тұңғиық ой, талғампаз көзқарас. «Журналистика» термині француз тіліндегі «journal» сөзінен шыққан. Ел аузында журналист мамандығын «екінші көне» мамандық деп атау қалыптасқан. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың қыр-сырын біліп, сезінуге болады. Журналистика мамандығын әр адам әрқалай түсінеді.

Объяснение:

4,8(70 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
lovevika3
lovevika3
08.03.2021

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.

Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.

Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.

4,4(29 оценок)
Ответ:
irina83soft071
irina83soft071
08.03.2021

Арман дәліз бойымен асығып келе жатыр. Бүгін оның университеттегі алғашқы күні. Кенет ол бір қарияны түйіп кетті. "Кешірім өтінемін!" деп қайтадан жүгіре бастады. Сабақтың басталуына санаулы минуттар қалды. Ал ол болса әлі лекция өтетін аудиторияны таба алмай әлек. Терезе алдында тұрған бір студенттен:

– Ғафу өтінемін, 235-аудитория қай жерде? Білмейсіз бе?-деп ентіге сұрады. Сөйтсе ол аудитория басқа ғимаратта екен. Қуанышқа орай ол ғимарат бас ғимараттың дәл жанында екен. Арман жүруін одан әрі тездетті. Ғимаратқа кіріп, күзетшіден де:

– Кешіріңіз! 235-аудитория қай жерде?-деп сұрады. Сөйтсе 2-қабаттың сол жақ бұрышында екен. Арман 2-қабатқа көтеріліп келе жатырып тағы бір қолы кітапқа толы студентті қағып кетті де "ғафу етіңіз!" деп екі беті қызарып аудиторияға жетті. Сабақ басталып кеткеніне 2 минут болған. Есікті қағып:

– Кеше көріңіз! Аудиторияны таба алмай жүріп қалдым. Бұл қазақ филологиясы ма?- деп лекторға қарады. Лектор:

– Иә. Алғашқы күн болған соң кешірімді. Бұдан бұлай қайталанбасын!-деп сабағын жалғастыра бастады. Алдағы парталардың біріне, бір қыздың қасына Арман отыра қойды.

– Мынау кітап па?-деді қыз алдында тұрған кітапқа көзі түсіп. Қыз жалт қарап:

– Жоқ, дәптер. Кітаптың қандай екенін білмеймісің?-деді.

– А, жоқ... Ренжіткен болсам әрі әбес қылығым үшін кеше көр. Жай мұқабасы қатты тозып кетіпті. Менде дәл осы кітаптың жаңасы бар. Қаласың берейін,- деді жымиып.

– Жарайды. Енді сөйлей бермей, лекторды тыңдайық!-деп тақырыпты жаза бастады. Арман да сабаққа кірісті.

Объяснение:

вот ответ тпиши

4,8(38 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ