ответ:Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.
Объяснение:
Жалпы а ң өмірінде екі мақсат болады десек: бірі – күнделікті мақсат, яғни қара бастың қамы, екіншісі – ізгі мақсат. Ізгі мақсаттың ауқымы кең. Ол – еліме, халқыма адал қызмет етсем, қажетіне жарасам, гүлденіп көркеюіне үлесімді қосам деген ізгі арман. Сондай ізгі мақсат, асқақ арман иелері «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп ақын Сұлтанмахмұт айтқандай, бүкіл ақыл-ойын, талантын, еңбегін, бар өмірін елінің, халқының жарқын болашағына арнаған ұлы тұлғалар қазақ тарихында баршылық. Олар ұлы ғалым Шоқан, ұлы ақын Абай, ұлы жазушы Мұхтар, әйгілі ғалым Әлкей Марғұлан, ұлы геолог Қаныш Сәтбаев, т.б.
Уақыт өткен сайын олар оқшау дараланып, жарқырай түседі. Олар сарқылмас бұлақ, өздерінің талантымен, терең білімділігімен, тұңғиық терең ақыл-парасатымен, елінің, халқының, болашақ жас ұрпақтың жарқын өмірі үшін еткен ерен еңбектерімен тарихта есімдері алтын әріппен жазылған ұлы тұлғалар. Солардың бірі де бірегейі – Қаныш Сәтбаев. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына биыл 120 жыл толғалы отыр. Болашақ ғалым 1899 жылы 12 сәуірде қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келген. Нәрестеге Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Алайда анасы Әлима «Ғаниым», «Ғанышым» деп еркелеткен, содан Қаныш аталып кеткен. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Қаныш, алдымен – ауыл мектебінде, Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, кейіннен Томск технология институтын тамамдайды. Алғашқы еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Қаныш, сонау аумалы-төкпелі заманда Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек сынды ұлы тұлғалармен иық тіресіп, халқының көзін ашып, көкірегін оятуда ерен еңбек сіңірді. Тіпті оның мектеп оқушыларына арнап «Алгебра» оқулығын дайындауының өзі – ұлтының болашағын ойлауының дәлелі болса керек. Алайда бала кезден жерінің тау-тасына қызығушылығы, оның жұмбақ сырын білуге деген ынтызарлығы геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіргеннен кейінгі бүкіл өмірі Қазақстанның жер қойнау, қазба байлығын зерттеуге арналған. Ол сарқылмас кең орындарын тапты. Қазақтың елі малға бай болса, жер қойнауы кенге бай екенін бүкіл әлемге көрсетті. Оның ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, оның ірі мыс кенді аймақ қатарына жататынын дәлелдеп беруі – ғылым саласындағы үлкен жаңалық болды.
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Объяснение:
норм?