Сағыныш-деген не нәрсе?Сағыныш -адамның бойындағы жағымды сезімді білдіретін,өзің жақсы көрген,алыста қалған бейнені еске алып аңсайтын қасиет.Сағыныш- сезімдердің сезімі.Сағынатын нәрсе көп қой адамда.Мысалы:қызықты өткен балалық шағыңды,о дүниелік болған атаңды, көптен көрмеген досыңды,ауылға барғанда алдыңнан құйрығын бұлғаңдатып шығар итіңдіде сағынасың.Мен осылардың ішінде:Отанға,туған елге,жерге,-деген сағынышты жазғым келіп тұр.Мен Қазақстаннан Қытайға ертеректе көшіп кеткен ақсақалдың, елге қонақ болып келген кезін көргем.Менің алыс туғандарымның бірі болатын ол кісі.Туған елді сағынғанын түрінен ақ көруге болатын еді.Туған-туысқандармен қуаныштан жылап көрісіп,мауқын басқасын ата-бабаларының жатқан жеріне барып құран бағыштады.Жерге жатып,құмды шоқыны емірене құшақтағанын,жусанды қолына алып құшырлана иіскегенін көргем.Туған жердің топырағыныңда,жусаныныңда иісі бөлек қой шіркін,-деп көзіне жас алған.Ауыл аймақ күнде үйлеріне шақырып,мал сойып қонақ қылды.Қайтарда туған елдің топырағы,-деп орамалына ауылдың топырағын орап алып жатқанын көрдім.Сол кезде мен, күнде шаңын бұрқыратып жүрген жердің топырағыныңда қадірлі екнін ұқтым.Адамға туған жерінен,үйінен асқан ыстық ұя жоқ екенін түсіндім.Туған елге,үйге,-деген сағыныштың-сағыныштың сағынышы екенін білдім.Ертең ер жетіп әр қалаға оқуға аттанамыз.Туған ауылды,үйді ұмытпайық,сағыныштан сарғаймайық.Ұядан ұшсаңдарда оны ұмытпай, сағынтпай келіп тұрыңдар демекпін.
қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл айма ғын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.
Ақ құйып шығару. Халқымызда: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанында алдынан ақ шашады, үйге жылан кіріп кеткенінде басына сүт не айран құйып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан әдет.
Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?»» – деп, кінәласады.
Объяснение:
вот
екеуінде екі сызықпен
Объяснение:
себебі зат есім екі сызықпен сызылады көпше жекеше деп бөлінбейді