Сәлем Джон! қалайсың? Менің жағдайым жақсы. Қазақстанға қашан келесің? Сен соңғы кездескенімізде қазақстанның көрікті жерлері туралы білгің келіп еді ғой. Мен саған айтып берейін. Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан бұл есім алғашқы президентіміздің құрметіне қойылған. Астанамызда бәйтерек, ханшатыр, арал теңізі бар. Алматыда медеу мұз айдыны, қапшағай бар. Жер жанаты Жетісу дегендей Жетісуымыз да бар. Айта берсек көрікті жерлері өте көп. Жарайды қалғанын келесі хатымда айта жатармын. жауабыңды күтемін! Сау бол!
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.