Мемлекет XV-XVII ғасырларда үш құрлыққа (Еуропа, Азия, Африка) жайылып, оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Марокконың Атлант жағалауынан шығыстағы Парсы шығанағының жағалауына дейін, солтүстіктегі Украинадан оңтүстіктегі Сомалиға дейінгі аймақты қамтып жатқан[1].
Бұл мемлекет алты ғасыр бойы Батыс пен Шығыстың қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы мемлекеті 42 уәлияттардан тұрып, оған бағынышты Валахия, Молдова және Трансильвания князьдіктері оған алым-салық төлеп отырды. Бүгін Ыстамбұл (түр. İstanbul) деген атпен белгілі Константиние (осм. قسطنطينيه — Konstantîniyye) қаласын өзінің елордасына айналдырған Османлы мемлекетін көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим империясының және Шығыс Рим империясының ислами мұрагері деп атауға болады. Османлылар да өздерін Ежелгі Рим мен Ислам мәдениетінің жалғастырушылары деп, яғни «мәдениеттердің бірігуі» арқылы «бүкіләлемдік мемлекеттің» билеушілері ретінде қарастырды[2].
Үркер — (астрономиялық аталуы М45) Торпақ шоқжұлдызындағы алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз шоғыры. Әдетте Үркердің жай көзбен ең жарық 9 жұлдызын көруге болады. Ал, ерекше жағдайда жай көзбен 14 жұлдызға дейін көрінеді. Шарль Мессье бұл шашыранды Үйіржұлдыздың орнын анықтады және өзінің 1771 ж. шығарған жұлдыздар каталогында Үркерді M45 деген аталыммен каталогқа енгізді.[1]
Үркер үйірінің көріну диаметрі шамамен 2°, ол дөңкіш пішінде. Бұл жұлдыз шоғырында қосаржұлдыздарды есептемегенде, шамамен 1000 шақты жұлдыз бар екені анықталған. Ол жас және жылжымалы жұлдыз үйірі есептеледі. Оның тұмандығы жер шарына өте жақын және өзі де жер шары тұрғындарына өте таныс.

Небра аспан тақтасы, б.з.д.1600ж. жасалған. Оң жақ үстінгі бөлігіндегі топты жұлдыз Үркер деп есептеледі.
Көк түсті жоғары темпратуралы тұрақты жұлдызды негіз еткен бұл Үйіржұлдыз шоғыры шамамен 100 млн жыл бұрын қалыптасқан екен. Ұсақ тозаңдардан құралған тұмандық осынау жарық жұлдыздар шоғыры төңірегін айналып жатыр. Бұрынғы түсіндіру бойынша, тозаңдар үйіржұлдыз қалыптасқан кезден қалған делінсе, ең жаңа түсіндіру бойынша бұл жұлдыз үйіріне қатысы жоқ алып тозаңдар бұлты осы өңірден өтіп бара жатқан көрінеді. Астрономдардың болжауы бойынша, бұл үйіржұлдыз шамамен әлі де 250 млн жыл өмір сүреді де, сосын Құс жолының тартылыс күшінде ыдырап, өзіне таяу жұлдыз жүйелеріне араласып кетеді.
Үркердің ең жарық жұлдызы — Альциона. Үркердің басқа жарық жұлдыздары сияқты Альциона да В спектрлік класындағы ыстық жұлдыздар қатарына жатады. Ұзақ уақыт түсірілген суреттерден Үркердегі жарық жұлдыздардың төңірегінде үлкен тозаңды тұмандықтың бір бөлігі жақсы көрінеді. Үркердің диаметрі шамамен 12 жарық жылы. Жерге дейінгі ара қашықтығы 440 жарық жылы немесе 135 парсектен көбірек. Жұлдыз шоғырындағы барлық жұлдыздар кеңістікте параллель траекториямен қозғалады.