Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі ұлжан орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үіт етеді. Сондықтан да ол абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді.
ответ:1) Соединительные (ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер).
Образуются с және, әрі, да/де/та/те' – и, да, к тому же.
Жаз келді де, күн жылынды. – Лето пришло, и дни стали тёплые. Прослушать
Мұғалім келмеді және сабақ болмады. – Учитель не пришёл, и урока не было. Прослушать
2) Противительные (қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер).
Образуются с бірақ, ал, дегенмен, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, алайда' – а, но, однако, но всё же.
Күз түсті, бірақ күн әлі жылы. – Наступила осень, но дни ещё тёплые. Прослушать
Мен кеше досыма бардым, бiрақ ол үйде болған жоқ. – Я вчера пошёл к другу, но его дома не было. Прослушать
Мен тамақ дайындаймын, ал сен үйді жина. – Я буду еду готовить, а ты сделай уборку. Прослушать
3) Причинно-следственные (себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдер).
Образуются с сондықтан, себебі, өйткені, сол үшін, сол себепті, сол себептен' – поэтому, потому что, по причине того, что.
Ол көп оқыды, сондықтан білімді адам болып шықты. – Он много занимался, поэтому стал образованным человеком. Прослушать
Мен ауырып қалдым, сол себептен сабаққа бармадым. – Я заболел, поэтому не пошёл на занятия. Прослушать
Біз киноға барған жоқпыз, өйткені емтиханға дайындалдық. – Мы в кино не ходили, потому что к экзамену готовились. Прослушать
4) Чередующиеся (кезектес салалас құрмалас сөйлемдер).
Образуются с біресе, бірде, кейде' – то.
Жаңбыр бiресе жауды, бiресе басылды. – Дождь то шёл, то переставал. Прослушать
5) Разделительные (талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер).
Образуются с не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, не (я) болмаса' – либо, или