Ең үлкен күш кімнің күші? Алып балуанның күші ме, шіріген байдың дәулеті ме, жоқ әлде айлакер сиқыршының сиқыры ма? Бұл үшеуінің біреуін таңдап, нағыз күш деп ойласаңыз сіз қателесесіз. Байдың күші кедейлерге көмектескенінде, әйтпесе қолдың кірі ғана. Балуанның күші бұлшық етінде, жалғыз ғана қарсыласын жығуға жетер, он балуанға бірден шамасы жете қоймас. Сиқырдың күшін айтпасам да болады, өзі де көз байлап қызықтыратын бірнеше айладан тұратыны мәлім. Ал ешқашан сарқылмайтын, өмірде бағыт бағдар беріп, мыңдарды жығатын күш ол- білім. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді қазақ. Бұл мақалды көбіміз жатқа білсек те, мағынасына терең үңіліп ойланып көрмеген болармыз.
А туа сала ештеңе білмегенімен, Алла тағала оны үйренуі үшін барлық мүмкіндіктермен қамтыған. Яғни адам туа білмейді, жүре біледі. Сол сізге берілген мүмкіндіктердің ең негізгісі, және сізді жануарлардан айыратын ол – ақыл және де ойлау қабілетіңіз. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас демекші осы ақыл ойыңыз арқылы үйреніп, білім күшіне ие бола аласыз.
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу қимылдын, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бугін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді т. б.
Мезгіл үстеулері кұрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Мекен үстеу
Мекен үстеу, қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті т. б.
Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.