4.Берәлген мәтінді оқыңдар.Өз ойларыңды ортаға салыңдар. Бастау - өзендердің басы боп саналатын бұлақ, тұма сула
рының жер астынан шымырлап шығып жататын кезі. Бу
24. Берілген мәтінді оқыңдар. Өз ойларынды ортаға салыңдар.
лақтың көзін ашуды Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен,
қасиетті іс деп санаған. Сол себепті көктем шыға салысымен
бастау-бұлақтар мен тұмалардың көзін ашып, халыққа су
жеткізіп, сауапты іс жасауға асығайық (Әбдуәли Қайдар).
Жануарлар қорегі.
Жануарлар түрлеріне қарай әр түрлі қоректенеді, бірақ барлығы да сусыз тіршілік ете алмайды.
Табиғаты қолайсыз,суаттардан алыс жатқан жерлерде тіршілік ететін жануарлар бар. Мысалы, кесірткелер шөлді жерлерде көптеп тіршілік етеді. Кесіткелер, тышқандар өздері жейтін азықтың құрамындағы ылғалды қанағат етеді. Ал ақбөкен, бұлдырық сияқты жануарлар күнделікті су ішпесе болмайды. Алғаш көктем шыққан кезде шөптер нілді келеді. Бұл кезде ақбөкендер көп су іздей қоймайды. Жазда күн қатты ысығанда әрі шөбі кебіңкіремей бастағанда олар су іздеп алыс суаттарға барып шөлін қандырады.
Ақбөкен тез жүгіреді, ал бұлдырық жылдам ұшатындықтан қанша километрді артқа тастап су іздейді.
Түйе шөлге өте шыдамды келеді. Суға кезіккенде олар шөлін әбден қандырып алады. Түйенің негізгі қорегі жантақ. Бұл өсімдіктің биіктігі бір метрдей ғана болады. Жапырағы ашық жасыл түсті,кішкене дөңгелекше келген. Жапырағы шырынды,сабағы тікенекті келеді. Ол түйеге еш қиындық туғызбайды. Ал шөлде тіршілік ететін қарақұйрық, есек, жылқы, суырларға оған жақындау мүмкін емес.
Үй жануарлары шөппен қоректенеді, жыртқыштар көбіне ет іздейді.