М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lera645
lera645
05.06.2020 08:13 •  Қазақ тiлi

Өзің оқыған 1 кітапқа қорытынды пікір жаз (5-6 сөйлем)
көмектесіндерші​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
marigol0220
marigol0220
05.06.2020
Халық ауыз өнері, фольклор-бұл ғасырлар бойғы халық даналығы. Бұнда даусыз шындық бекітілген, халық өнері өте ертеден бастау алған. Біздің ата-бабаларымыздың жан-жақты өмірі фольклорда түпнұсқасында орын алған.  Сондықтан да халық ауыз әдебиеті түрлі жанрға бай. Әр жанрға өзіндік ерекшеліктер және дәстүрлік тексерілген әдістер, берілу тән. Көптелген жылдар бойы, әрбір еңбек ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа әркезеңде өзгеріп, бояуы қанығып беріліп отырған. 
Халық ауыз әдебиеті- бұл үлкен ата-баба даналығы көмбесі, олардың білім көзі, осы әлемдегі қазіргі  және келер ұрпаққа сенімді мәдени жолсерік.і  
4,4(18 оценок)
Ответ:
VASEK191911
VASEK191911
05.06.2020

Менің сүйікті тағамым

«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.  

Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.  

Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.  

Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...

4,5(4 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ