Сағыныш-деген не нәрсе?Сағыныш -адамның бойындағы жағымды сезімді білдіретін,өзің жақсы көрген,алыста қалған бейнені еске алып аңсайтын қасиет.Сағыныш- сезімдердің сезімі.Сағынатын нәрсе көп қой адамда.Мысалы:қызықты өткен балалық шағыңды,о дүниелік болған атаңды, көптен көрмеген досыңды,ауылға барғанда алдыңнан құйрығын бұлғаңдатып шығар итіңдіде сағынасың.Мен осылардың ішінде:Отанға,туған елге,жерге,-деген сағынышты жазғым келіп тұр.Мен Қазақстаннан Қытайға ертеректе көшіп кеткен ақсақалдың, елге қонақ болып келген кезін көргем.Менің алыс туғандарымның бірі болатын ол кісі.Туған елді сағынғанын түрінен ақ көруге болатын еді.Туған-туысқандармен қуаныштан жылап көрісіп,мауқын басқасын ата-бабаларының жатқан жеріне барып құран бағыштады.Жерге жатып,құмды шоқыны емірене құшақтағанын,жусанды қолына алып құшырлана иіскегенін көргем.Туған жердің топырағыныңда,жусаныныңда иісі бөлек қой шіркін,-деп көзіне жас алған.Ауыл аймақ күнде үйлеріне шақырып,мал сойып қонақ қылды.Қайтарда туған елдің топырағы,-деп орамалына ауылдың топырағын орап алып жатқанын көрдім.Сол кезде мен, күнде шаңын бұрқыратып жүрген жердің топырағыныңда қадірлі екнін ұқтым.Адамға туған жерінен,үйінен асқан ыстық ұя жоқ екенін түсіндім.Туған елге,үйге,-деген сағыныштың-сағыныштың сағынышы екенін білдім.Ертең ер жетіп әр қалаға оқуға аттанамыз.Туған ауылды,үйді ұмытпайық,сағыныштан сарғаймайық.Ұядан ұшсаңдарда оны ұмытпай, сағынтпай келіп тұрыңдар демекпін.
Объяснение:
Жанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі. ХЫХ ғасырдың 30-50 жылдары Сырдария өзені жағалауын мекендеген қазақтардың тұрмысы барған сайын ауырлай түсті. Бұл жағдай олардың Жанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіне алып келді. Көтерілістің негізгі себептері, Ресей империясының бұл өлкені отарлау саясатының күшейе түсуі еді. Біріншіден, генерал В.Перовский 1853 жылы Ақмешітті (қазіргі Қызылорда облысы) басып алғат болатын. Екіншіден, Хиуа хандығы жүргізіп отырған басқыншылық саясат халықтың ашу-ызасын тудырған еді. Шекті руы басқыншылардың бірі Жанғожа қарапайым халықтың арасында беделді болды. Ол сол кездегі Сырдария жағалауын мекендеген қазақтардың, әсіресе егіншілердің отаршылық қанау салдарынан тұрмысы тіпті нашарлап кеткенін жақсы түсінді. Бұның себебі алдымен жер мәселесі еді.
Ақмешітті басып алғаннан кейін патша өкіметі Сырдария әскери шебін құрды. Бұл шеп бойынша бұрын қазақ халқы иемденіп келген көлемді әрі шұрайлы жер орыс-казактар мен Ресейден қоныс аударып келгендерді орналастыру үшін берілді. Жергілікті қазақтарға түтін салығы салынды, көптеген ауыр жұмыстарды орындау жүктелді. Олар жолды жөндеуге, көпірлер салуға, бас арықтарды тазалауға міндетті болды. Оның үстінде жергілікті үкімет орындарының талап етуімен бекіністер салуға, құрылыс материалдарын тасу үшін күш-көлік бөлуге де міндетті еді. Осы сияқты көлденең міндеткерліктер көбіне егіншілердің науқанды жұмыстарымен қабат келіп, олардың жағдайын ауырлата түсті. Егінші қазақтардың бұған дейін пайдаланып келген құнарлы жері күшпен тартылып алынып, казактарға берілді. 1857 жылға дейін 3000-дай қазақ отбасыларының егістікке жарамды жерлері тартып алынып, олар ағын суы жоқ, егістікке жарамсыз жерлерге қуылып тасталады. Осы жағдай 50-жылдардың ортасында шағын шекті руының егіншілерін ашық күреске шығуға әкелді
Объяснение:
осы дұрыс деп ойлаймын дұрыс