Аққу шоқжұлдызы
Аққу - Солтүстік аспан жартышарының шоқжұлдызы. Оның орталығындағы жарық жұлдыздар аспанда айқыш пішінді бейнелейді. Аққу α жұлдызы аспандағы 1 дәрежелі 21 жұлдыздың бірі. Аққу шоқжұлдызы - Құс жолында жатқан шоқжұлдыздардың бірі. Аққу шоқжұлдызындындағы Аққу α жұлдызы, Лира шоқжұлдызындағы Лира α жұлдызы және Бүркіт шоқжұлдызындағы Бүркіт α жұлдызы жазғы аспан үшбұрышын құрайды.
Ең алғаш рет аққу щоқжұлдызы Клавдий Птолемейдің«Альмагест» кітабында «құс» деген атаумен кездеседі. Егер бір деректер бойынша, аққуды Леданың артынан жүретін Зевс деп айтса, басқа деректер бойынша Аққу Лира шоқжұлдызының қасында орналасқан Орфей деп айтылады.
Көп жағдайда бүгінгі шоқжұлдыздардың аты грек тілінде айтылса, жұлдыздардың аты арабша айтылады. Соған байланысты аққуды гректер «орман құсы» деп, ал арабтар «тауық» деп атаған. Арабтардың «тауық» деп атауының себебі, аққу шоқжұлдызының ең жарық жұлдызы – денеб араб тілінен аударғанда «тауықтың құйрығы» деген мағынаны береді.
Батыс мифологиясы бойынша Аққу шоқжұлдызы туралы үш түрлі айтылым бар:
1. Құдайлардың Құдайы Зевс Афинаның солтүстігіндегі Рамнустан өтіп бара жатқанда кек құдайы Немезиданы көріп ғашық болып қалады. Немезида одан құтылу үшін ұқсамаған хайуанның пішініне еніп, біресе су жолымен, біресе құрлық жолымен қашады. Бірақ ақыры Зевстің қуғындауынан қашып құтыла алмайды. Ол ақыры аспандағы Аққу шоқжұлдызына айналып кетеді.
2. Зевс кек құдайы Немезиданы қолға түсіру үшін өзі аққуға айналып, махаббат құдайы Афродитаға бір бүркітке айналып өзін қуалауды бұйырады. Мақсаты Немезиданың жанашырлығын ояту болатын. Зевс мақсатына жетеді, сосын осы істі еске сақтау үшін Аққу және Бүркітті бірдей аспанға шығарып, оларды Аққу және бүркіт шоқжұлдызы етеді.
Осы екі ертегідегі оқиға бойынша, Немезида жұмыртқа табады да оны Гермеске береді (кейбір айтылым бойынша Спартаның әйел патшасы Ледаға береді, кейбірі бойынша бір қойшыға береді). Сол жұмыртқадан Гректің ең әйгілі сұлу аруы Елена өсіп шығады.
3. Тағы бір айтылым бойынша, Зевс аққуға айналып Спартаның әйел патшасы Леданы қызықтырмақ болады. Содан Леда екі жұмыртқа туады. Оның бірінен егізжұлдыз Кастор мен Полидевк , ал келесі жұмыртқадан Елена мен Клитемнестра пайда болады. Жұмыртқа қабығы Спарта ғибадатханасында жібек жіппен іліп қойған екен. Әдетте Кастор мен Клитемнестра Спарта патшасы Тиндарейдің ұрпағы есептеледі. Ал Троялық Елена мен Полидевк екеуі Зевстің ұрпағы есептеледі.
20 ғасырдағы Ұлы Отан соғысының есімі, оның кейіпкерлері, біз 70 жылдан астам уақыт бойы сақтап келеміз. Біз оны балалар мен немерелерге беріп, бір фактіні, тегімізді жоғалтпауға тырысамыз. Бұл іс-шараның әр отбасына қатты әсер етті, көптеген әкелер, ағалар, күйеулер ешқашан қайтып келмеді. Бүгінгі күні әскери мұрағат қызметкерлерінің ерен еңбегі, жауынгерлердің мазарларын іздеуге бос уақытын арнаған еріктілердің арқасында олар туралы ақпараттар таба аламыз. Мұны қалай істеуге болады, Ұлы Отан соғысының қатысушысын фамилия бойынша қалай табуға болады, оның марапаттары, әскери атақтары, өлген жері туралы ақпарат? Біз осындай маңызды тақырыпты назардан өткізе алмадық, іздейміз және іздейтін адамдарға көмектесе аламыз деп үміттенеміз