М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sokolin2
sokolin2
09.12.2022 13:25 •  Қазақ тiлi

13-бет, 5-тапсырма. Сопоставьте слова с русским переводом

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Ghhgfgh
Ghhgfgh
09.12.2022

Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.

4,8(75 оценок)
Ответ:
magnolyabz
magnolyabz
09.12.2022

ответ:Аспан, аспан күмбезі – бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді.

Аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар – аспан денелерінің (жұлдыздар, планеталар, т. б.) кейбір ерекше қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін халық аңыздары. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды қасиет – шынайы аспан көріністерін поэзиялық түрде бейнелеу. Бұл аңыздардың басым көпшілігі – діни нанымдарынан аулақ нағыз халық шығармалары. Шөбі шүйгін шырайлы жер іздеп, ен даланы сыпыра көшкен халық, көктегі самсаған шырақтардың ішінен батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу бикештерді, сәйгүлік аттарды тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға арқау еткен.

Объяснение:Аспанның солтүстік жартысындағы жұлдыздардың тәуліктік көрінерлік қозғалысы Жетіқарақшы аңызына арқау болды. Темірқазық – қозғалмайтын полярлық жұлдыз. Құрамындағы жұлдыздардың кейбіреулері шұбатылған арқан тәрізді, ал екіншілері арқандаулы атқа ұқсас. Олар Темірқазықты үнемі айнала қозғалады. Бұлардың сыртын ала, арқандаулы аттарды торуылдап, Жетіқарақшы айналады. Көкжиектен төмен түспей түні бойы айналып жүретін бұл жеті жұлдыздың қозғалысы, күндіз тасаланып, түнде ұйқтамай, қолайлы сәтті күтетін ұрының әрекетіне ұқсайды. Аңыз желісі бойынша Жетіқарақшы – Қырыққарақшының (сол маңдағы майда жұлдыздар) барлаушысы. Олар Вега мен Капелла жұлдыздарындағы батырлардың аттарын (Ақбозат пен Көкбозат) қолға түсіріп алмақшы. Шынында да Вега мен Капелла – аспанның Солтүстік жарты шарындағы көзге түсетін батырларға лайық жарық жұлдыздар. Жетіқарақшының топ басшысы қыранқарақшы (Мицар) Үркердің қызы Үлпілдекті (Алькор) мінгестіріп алған. Үркер Жетіқарақшыдан үнемі қашып жүреді. Өйткені егер Жетіқарақшы Ақбозат пен Көкбозатты ұстап мінсе, Үркердің Сүлусарысын (Альдебаран) ұрламақшы. Бұл аңыздан көшпелі ел тұрмысының сарыны байқалады.

4,8(74 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ