Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын» – деп Григорий Ревзин айтқандай, театр – шын мәнінде өмір айнасы. Ол алдымен адамның өз-өзін реттеуіне, өзін басқа бір қырынан тануға, өмірден оқшау еместігін, оның біртұтастығын түсінуге, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік береді. Бұл театр өнерінің тазалығы, шынайылығы және өміршеңдігінің бірден-бір көрінісі.
Театр – адамның рухани серігі. Олай дейтінім, адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орны осы ошақ. Бір ағылшын жазушысы «Театр мұражай сияқты. Біз оған бармаймыз, бірақ оның бар болғанына қарсы емеспіз» деп жазған.
Объяснение:
Жастар болашақ мамандығын дұрыс таңдай біле ме? Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық. Сол себепті мамандық таңдау оңай емес. Шыны керек, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір, бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шықсам болды дейді. Сонда саны көп, сапасы жоқ дипломнан не пайда? «Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.
Мамандықтың жаманы жоқ,тек өз мамандығынды ұнатсаң болды.Шын ниеттеніп,жақсы жұмыс жасасан болғаны.Шынайы еңбек,жүректің қалауымен таңдалған мамандық адамды жеңіске жеткізбей қоймайды.