Жазайық 6. а) Сурет бойынша шағын әңгіме жаз. Қоршаудағы сөздерді
қолдан,
Үлгі: Бүгін Сәуле ерте тұрды. Терезеге қарады. Күн
ап-ашық, жарқырап тұрды. Айнала тып-тыныш болды.
Ағаштың жапырақтары да қозғалмады. Жел жоқ.
Жаттығу жасау, күн, дала, жылы, үйге қарай жүгіру,
терезеден қарау, түске жақын, күн райы, қолайсыз
болу, ұнау, ұнамау, су болу, құлау, жел, күркіреу.
Oridir
Менің сүйікті жыл мезгілім
Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім.
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!