1. Шылау арқылы байланысқан тіркесті табыңыз.
А) көпірден өтті В) жумыстан соң келді
C) ағаш отырғызды D) жұмыспен жүр E) жұмысқа келді
2. Шылауы бар сөйлемді табыңыз.
А) Қалған суды құмға тегіп тастады.
В) Ол жерде жатқан шелекті кетерді. С) Атай шелегі мен арқанын құдық басына
қалдырды.
D) жылғадан жылы су ақты.
E) Атай ұмытшақтығына ренжіді.
3. Шылау казак тіл білімінің қай саласына жатады?
А) лексика В) синтаксис С) морфология
D) фонетика E) грамматика
4. Шылау мані мен қызметіне карай нешеге бөлінеді?
A) 2 В) 4 C) 3 D) 5 E) 6
5. Атау септікпен тіркесетін септеулік шылауды табыңыз.
А) арқылы, туралы В) дейін, шейін С) кейін, бұрын
D) бірге, қабат E) соң, әрі
6. Демеулік шылау қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Абайдың мұражайына бардың ба?
В) Сен мұражайға қашан барасың?
С) Мұражайға бару-білімді толықтыру
Д)Мұражай маған ұнады
Е) Мұражайға көкеммен барамын.
7. Демеулік шылаудың түрін табыңыз.
Үлкен үйдің терезелерінен ғана жарық көрінеді.
А) болжалдық С) шектік E) күшейткіш В) нақтылау D) сұраулық
8. Сөйлем мүшесі бола алмайтын табын табыңыз.
A) есімдік D) шылау В) етістік E) сын есім С) зат есім
9. Сұраулық демеулікті табыңыз.
А) ғана, кене C) ма, ба E) түгіл, тұрмақ B) -ақ, -ау D) -ды, -ді
10.Шылауы бар сөйлемді табыңыз.
А) Оқу - инемен құдық қазғандай. В) Отырған жерің әрі ыңғайлы, әрі таза болсын.
C) Оның мұраларынан үлгі-өнеге аламыз. D) Отанды сүю отбасынан басталады.
E) Ол сәлем беруді ұмытқан жоқ.
Сөйлемге фонетикалық талдау жасау:
Торы дөнен қос аяқтап шаба жөнелген.
(С.Мұратбеков).
Торы – 2 буын: то – ашық, ры – ашық.
Т - дауыссыз, қатаң;
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
Р – дауыссыз, үнді;
Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік;
Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.
Дөнен – 2 буын: дө – ашық, нен – бітеу.
Д - дауыссыз, ұяң;
Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;
Н - дауыссыз, үнді;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Н - дауыссыз, үнді.
Сөзде 5 әріп, 5 дыбыс бар.
Қос – 1 буын: бітеу.
Қ - дауыссыз, қатаң;
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
С - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 3 әріп, 3 дыбыс бар.
Аяқтап – 3 буын: а – ашық, яқ – тұйық, тап – бітеу.
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Я – қосарлы дыбыс:
- й - дауыссыз, үнді;
-а - дауысты, жуан, ашық, езулік;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Қ - дауыссыз, қатаң;
Т - дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
П - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 6 әріп, 7 дыбыс бар.
Шаба – 2 буын: ша — ашық, ба – ашық.
Ш – дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Б – дауыссыз, ұяң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.
Жөнелген- 3 буын: жө – ашық, нел – бітеу, ген – бітеу.
Ж - дауыссыз, ұяң;
Ө - дауысты, жіңішке, ашық, еріндік;
Н - дауыссыз, үнді;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Л - дауыссыз, үнді;
Г – дауыссыз, ұяң;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Н - дауыссыз, үнді.
Сөзде 8 әріп, 8 дыбыс бар.