1) шығарманың "жусан иісі" деп аталу себебі, сол кездері ауыл маңында жусанның көп болуы мен кішкентай балалардың жеңіл жусан иісі шығатын ата-анасы мен жақын жандарын сағынуынан қойылды деп ойлаймын.
2) Аянның тағдыры көз қуантатын, тамаша болды деп айта алмаймын. Себебі кішірек болған кезінде әкесі мен ағасы майданға кетіп, анасы мен әжесі қайтыс болды. Ал кейін сондай қиын кезде қолдап, көмек берген жақын достарымен де қимай қоштасып, балалар үйіне кетті.
3) Пікір: Жусан иісі соғыс кезінде болған қиындықтар мен кішкентай балалардың көрген азабын сипаттайтын мұңды повест.
Дәлел: Бұл повесте Аян атты зерек баланың аянышты әрі қиындықтарға толы өмірі туралы айтылады.
Мысал: Аянның әкесі мен ағасы майданға кеттіп, анасы мен әжесі қайтыс болған. Ал кейін сондай қиын кезде қолдап, көмек берген жақын достарымен де қимай қоштасып, балалар үйіне кетті. Меніңше бұл қазіргі балаға ғана емес үлкен, ересек адамдарға да ауыр тиер еді.
Қорытынды: Осындай қиын өмірді басынан өткізген, бұрынғыларды қастер тұтып, қазір олар қорғаған қазақ жерін қастерлеп, аялап, құрметпен қарауымыз қажет.
Объяснение:
дұрыс болмаса кешір
Объяснение:
Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.[1]
Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді.