М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ернур150400
Ернур150400
22.02.2023 15:14 •  Қазақ тiлi

Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып, көшіріп жаз. Қа...ты жел тұрды. Тең...здің толқыны к...шейді. Асп...нды қара б...лт қор...ады. Бір кезде с...л қ...йып ж...берді. Біз қайы...ты жағаға т...стай бердік. Панала...ға жер іздед...к. Ол күні жа...ын ашылмады. Балы... аула...ға шыға алма...ық. Сен балық аулауға брасың ба? Сенің мекенінде қандай өзендер, көлдер бар?

👇
Ответ:
TheLaikerMap
TheLaikerMap
22.02.2023

Қатты жел тұрды. Теңіздің толқыны күшейді. Аспанды қара бұлт қоралады. Бір кезде сел құйып жіберді. Біз қайықты жағаға тастай бердік. Паналауға жер іздедік. Ол күні жауын ашылмады. Балық аулауға шыға алмадық. Сен балық аулауға брасың ба? Сенің мекенінде қандай өзендер, көлдер бар?

4,7(46 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
veraway140
veraway140
22.02.2023

Мамандық таңдау адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Адамдардың көбісі мамандық таңдау - күнкөріс қамы

деп ойлайды, алайда мен бұл пікірмен келіспеймін, өйткені мен мамандықты адамның сүйіп жасайтың ісі  деп ойлаймын. Қазіргі таңда жастардың көбі жалақысы үлкен мамандықты таңдайды,  өйткені таңдайтын мамандығым менің  болашақ табысымды айқындайды деген ойда. Менің көзқарасым басқа, мен мамандық таңдаудағы басты өлшем - қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі деп сенемін. Егер де адам өзіне қызық емес мамандықты таңдаса, ол күш салы, тырыспайд. Біздін заманымызда, жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек дегенді құптайды, алайда менің ойымша, оқу орынының қаншалықты қымбат екені адамның алған біліміне әрқашан сәйкес бола бермейді. Болашақта қателік жасамау үшін мен отбасымнаң және достарымнаң ақыл сұрауды жөн көрдім. Әрине мен олардын айтқан сөздерін ескеремін бірақ озімнің таңдауымды назарға аламын.

4,5(92 оценок)
Ответ:
Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 61 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі ежелгі Бесшатыр тұрғындарының әлеуметтік даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Алынған ғылыми деректер ежелгі сақтардың әлеуметтік топтарға жіктелуі, шаруашылығы, тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни наным-сенімі, архитектуралық жетістіктері, тұтынған қару-жарағы мен құрал-жабдықтары жайлы құнды мәліметтер береді. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Оларды жалпы саны 5-тен 94-ке дейін жететін тастардан тұрғызылған қоршаулар құрайды. Тізбектер кейбір обаны түгел орап жатса, қайсыбірінің тек шығыс немесе оңтүстік-батыс жағын ғана қоршап тұр. Осындай ұзын тізбекті тас қоршаулар Бесшатырдан басқа бірнеше зираттың маңайында да бар. Оның біреуі Бесшатырдан батысқа қарай 10 км жерде. Құрамында 45 жеке қоршау бар бұл тізбек 450 м-ге созылып жатыр. Тізбектердегі көптеген тас плиталардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр сияқты аңдардың суреттері салынған. Үлкен Бесшатыр обасының маңындағы кейбір қоршаудың плиталарына түрлі таңба іспеттес суреттер де түсірілген. Олардың арасында күн рәмізіне жақын тұрған немесе қазақтың “көз” таңбасына ұқсас дөңгелек бейнелер кездеседі. Мұндай тізбектер қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ, діни салт-жоралғылар шерулерін өткізетін ерекше салтанат орны болғанын да көрсетеді. Ерекше құбылыстардың бірі — үлкен обалардың астынан арнайы қазылған катакомба түріндегі күрделі жер асты жолдары. 6-үлкен оба катакомбасының жалпы ұзындығы 55 м. Жолдардың биіктігі 1,68 м, ені 0,8 м. Олар жерлеу, ас беру ғұрпына байланысты діни жоралғылар өткізу мақсатында жасалатын болған. Обалардың сыртқы көлеміне қарай үшке бөлінуі олардың астындағы қабірлердің түрлерімен де сәйкеседі. Кіші обалардың қабірлері қарапайым шұңқыр түрінде, кейде лаһатталған немесе тас жәшікпен толықтырылған. Орташа обалардың қабірлері киіз үй тәрізді. Үлкен обаларға аса ірі ағаш қабірлер тән. Бесшатыр зиратының үлкен обалары көне дәуір архитектурасының сирек кездесетін айрықша ескерткіштері қатарына жатады.
4,4(49 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ