Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары: - Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: - Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық. “Енді оны қалай ажырата аламыз” дегендерге: - Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен. (Пікірлері тыңдалады.) 1) “Мен жақсы оқимын, қоғамдық жұмыстарға қатысып, әрдайым алғы шептен көрінуге тырысамын. Өз сыныбымыздағы бір баламен достастым. Бірде оның бір баланы ұруға қатысқанын білдім, білісімен онымен достықты үздім.” 2) “ Қалай өмір сүргенімді есіме алсам, ұяттан жерге кіріп кете жаздаймын... Сөйтіп жүргенде Жаннаны кездестірдім. Былай қарасаң қарапайым қыз, оған достасу туралы ұсыныс жасап едім, ол келісті. Достарым оны қалыпты іс деп бағалады, “ Атаманға кім қарсы келуші еді” деп есептеді. Жаннаның басынан біраз нәрсені өткеруіне тура келгенімен ол мені адам етті. Бұл хатымда мен бәлкім ештеңе айтпаған да шығармын, әйтсе де менің құрдастарымның кез-келгенінің адамды жөнге салу ісі қолдарынан келетіндігін айтқым келеді.” - Бұл екі жағдай бір-біріне ұқсас. Бірақ қыздардың істеген істері бірдей емес. Осы екі үзінді жайлы қандай ой түйдіңіздер? - “Жаманнан бойды аулық сал” дегендей, алғашқы қыздың дер кезінде достықты үзгені дұрыс та шығар, кәне кім не айтады, пікірімізді ортаға салайық.

Жеңіс күні
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Жеңіс күні
От шашты Отан аспаны,
Төгілді көздіц жастары.
Окоптан шықты солдаттар,
Атылды көкке соңғы оқтар.
Буыны босап дірілдеп,
Сүйді жұрт бірін-бірі кеп.
Сәбиін күнге көтеріп,
Аналар тұрды күлімдеп.
Теңіз боп адам толқыды,
Жалау боп жүзді армандар.
Салют боп жанды сол түні,
Соғыстан қайтпай қалғандар.
Сызға ұйықтап, мұзды жастанған,
Бойын бір жазды шіркін ер.
Ақшуақ болып аспаннан,
Құйылды жерге күлкілер.
Жеңіс күні
Ұмытылмайтын күніміз,
Ұлы Жеңіс дейміз біз.
Адамзат мерекесін
Ұмытпаймыз мүлдем біз.
Аталардың жеңісі-
Кезінде жігіт ерлігі
Мақтан етем атаммен
Осы күнге әкелген
Отан сую парыз ғой,
Ұмытпайық, ағайын!