М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
eiljo
eiljo
01.11.2020 16:16 •  Қазақ тiлi

ЖАЗЫЛЫМ 2-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасына жуық келетін
синоним сөздерді анықта. Дара және күрделі зат есімдерді тап.
Соғыс алапаты, қария, iз, ынтықтық, ата буын, мұғалім,
балалық ша

👇
Ответ:
Мишка1911
Мишка1911
01.11.2020

Соғыс алапты-Бейбітшілік өмір,қария-бала,із-ізсіз,ынтықтық-талпыну,ата буын-заманнан заман,балалық шақ-қазіргі кез

4,7(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
maloyzolotov
maloyzolotov
01.11.2020

Материалдың толық нұсқасы

«Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы» ЖШС, «Edunews.kz» білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурсынан «Үздік эссе» номинациясы бойынша І орынға ие болған

Э С С Е

Жаныңда жүр жақсы адам...

Жақсылық күн секілді, кейде бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Осындай жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын жақсы адамдар менің қасымда өте көп. Олар: менің әкем мен анам, оқу-білімге үйреткен ұстаздарым, достарым, туған-туысқандарым. Олар маған үнемі жақсылық жасап, қиын кезде көмектесіп, өмірімнің мәнді де сәнді өтуіне септігін тигізуде. Осыған қарап, өмірде жақсы адамдар аз деп айта алмаймын. Ал, еліміз үшін халқымның қамын, бүгінгісі мен болашағын ойлап жүрген жақсы адам Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол кісінің жақсылығының арқасында осындай тыныш та бейбіт, бақытты күн кешудеміз. Ендеше, осындай жанымызда жүрген жақсы адамдардың қадірін біліп, құрметтеп, сыйлап жүрейік. Әрбір адамның қасында жақсы жанның жүруін тілеймін.

Шынында, күнделікті өмірде адам кімнің кім екенін де ескере де бермейді. Қарбаласқан тіршілік оны ойлап ескеруге де, елеуге де дес бермейді, көңіл бөлінбейді. Сондай жақсы жанның бірі - Жеткергенов Қаналы ағай. Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған Қаналы ағайдың да көктемі мен жазы, қыруар күзі жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған. «Ұстазым менің ұстазым,өзіңмен өткен қыс, жазым» деген ыстық махаббат осындай ұлағатты ұстазға арналса керек.

1972 жылы мектепке тәрбиеші болып қабылданып, 1973-1975 жылдары Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті. Әскерден кейін 1976 жылдан өзі оқып, білім алған Арал ауданындағы №73 орта мектепке қызметке қайта орналасады. Ол Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «Биология» мамандығы бойынша 1980 жылы сырттай бітіреді. 1987 жылдан бастап өз пәнінен сабақ бере жүріп, түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Атап айтар болсам, 1987-1997 жылдары мектеп директорының мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушысы, 1997-2000 жылдары мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2000-2006 жылдар аралығында мектеп директоры, 2006 жылдан өз өтінішіне байланысты қосымша білім беру педагогі қызметіне ауысты.

Мектептегі түрлі іс-шаралар, жас ұстаздар, оқушыларға керекті жағдай, дұрыс білім беру сияқты көптеген шешілуге тиісті түйіні қиын істердің басы-қасында болып, ел қатарлы мектеп атану міндетін атқаруда Жеткергенов Қаналы ағайдың қажырлы еңбегі мен ұлтжанды ұлы қасиеті зор табыстарға жеткізіп еді. Қызмет істеген жылдары іс-тәжірибелері жергілікті, республикалық басылымдарда жарияланып отырды. Сол сияқты аудандық, облыстық педоқуларға қатысып, баяндамалар оқыды.

Ардақты ұстаз еңбегі еленіп, бұл күнде аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталып отырды.

Көп жылғы еңбегінің жемісі мен жеңісін көру – ол да бір ғанибет. Өзі білім берген көптеген шәкірттері бұл күнде еліміздің әр түкпірінде еңбек етіп, ел құрметіне бөленуде. Оқушылары жоғары оқу орындарын үздік бітіріп, әр түрлі салада еңбектенуде. Еңбегің жанды деген осы емес пе?!

Өнегелі де ардақты жан Жеткергенов Қаналы – үлгілі отбасының қамқоршысы. Отанасы — Орынкүлмен тату-тәтті өмір сүріп, алты перзентін ұяға қондырған бақытты ата-ана, бес-алты немерелі абзал жандар.

Бұл күндері Жеткергенов Қаналы ағай өзі білім алған мектебінде жұмыс істеуде. Биылғы жылы қыркүйектің он төртінші жұлдызында ұлағатты ұстазды өз ұжымы зейнеткерлікке шығарды.

Білім беру саласында 45 жыл танбай еңбек еткен жайдары да жайсаң ұстазға ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат пен амандық тілеймін.

Объяснение:

вот

4,5(85 оценок)
Ответ:
Alina3494
Alina3494
01.11.2020

кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері — ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;

Объяснение:

дұрыс

4,4(43 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ