«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы а қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен.
Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі.
Ғалымдар АҚШ-тың Пенсильвания университетінің 200-ге жуық студентіне зерттеу жүргізген. Олар күніне 20 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнаған. Ал сегіз күннен кейін қатысушылар өздерінің басынан өткеріп жүрген күйлерін жазып тапсырған. Нәтижесінде көбісі ұйқысыздықтан, әлсіздіктен құтылғанын мәлімдеген. Сонымен қатар, дәрігерлер қатысушылардың психикасында оң өзгерістер барын анықтаған. Студенттер болса, жаттығу жұмыстарынан кейін көңіл-күйлерінің көтеріліп, өздерін бақытты сезініп жүргендерін жеткізген.
вот
Объяснение:
намыс туралы эссе.
«Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа» деген халық даналығында өте терең мағына, тәрбие жатыр. Себебі, намыс - намысқойлық – адамның ар-ождан үні, рухани-құндылықтық сезімі. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.
«Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат» деп, қазақ халқы қашан да ар – ұждан, намыс секілді ұғымдарды аса жоғары бағалап, қастерлеген. Себебі, бұл – адамдықтың белгісі. Намыс қашанда керек деп есептеймін, кез келген жерде, кез келген жағдайда. Мысалы, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, спортта, т.б. салаларда өз ұлтының намысын биік қойған адам бәсекеге қабілетті болуға талпынады. Намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды. Патриоттық сезімді арттырады. Өз еліңнің, жеріңнің қадірін айрықша білуге, қастерлеуге үйретеді.
Ал менің қазіргі жастарға, өзімнің құрбы – құрдастарыма айтарым – «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қағиданы әрқашан есте сақтап, ар – намыстың қадірін біліп, ұлттық намысымызды сақтай білейік.
Аспан әлемін зерттеу өте ертеде кезден басталған.Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбектенді.
Космонавт — ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін ,әрі оны пайдаланатын адам.
Қазақстанда 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағы ашылды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров болды
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997),
Ол қазақ жері Байқоңырдан аттанды Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты
Объяснение: