М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lineage29201682
lineage29201682
12.03.2021 22:45 •  Қазақ тiлi

Написсть эссе на тему: " Болашақтың мамандықтары"​

👇
Ответ:
Leonelle
Leonelle
12.03.2021

Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Заманның ағынынан қалмай, жаңадан пайда болатын болашақ мамандықтарға дағдыланайық.

Fast Future британдық агенттіктің футурологтары 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады. Дәстүрлі кеңселік жұмыстан шаршаған жандардың құлағына алтын сырға, қазірден бастап дайындалсаңыз, жаңа жұмысқа қажет машықтарды жақсарта аласыз.

Сонымен, айналдырған 17 жылдан кейін заманауи инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына мынандай маман иелері қажет болады:

Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман. Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен. Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады. Климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың қатарында болады. Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек көрсететін болады. Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда болады. Ауа райы полициясы бұзылып кеткен ауа-райын қалпына келтіреді-мыс. Виртуалды құқықтың заңгері қарапайым заңгерлерден де үлкен сұранысқа ие болады. Қозғалыс көліктеріне балама ойлап табатын кісілер де қоғамға өте қажет болады. Жеке журналист біреудің жеке БАҚ-ында жұмыс жасайды, олардың саны күрт көбейеді. Инфоқоқысшы компьютеріңізден артық ақпаратты өшіріп отырады. Ал виртуалды әлемді жинастыратын адам электронды пошта, гаджеттер мен компьютердегі файл мен папкаларды реттеп береді. Уақыт биржасындағы брокер мамандығы қазіргі ақша брокеріндей танымал болады. Қоғамдық желідегі қоғамдық қызметкер. Бұл кісі қоғамдық желілер арқылы жағдайы төмен, жаман әдеттерге шалдыққан қолданушыларға көмекке келеді. Жеке бренд-менеджер. Қазіргі пиар-менеджерлері сияқты белгілі біреу туралы басқалар арасында жақсы ой қалыптастыруға тырысады. Қазірде мұндай жұмысшы жұлдыздарда ғана болса, болашақта әр адамның өз бренд-менеджері пайда болады.

4,5(44 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nikarh
nikarh
12.03.2021
Менің сүйікті актерім!Бүгінгі қазақ киносында актерлердің арасынан өнеріне көңілім толатын, ойнаған рөлдерін, сомдаған кейіпкерлерін керемет ойнап шығатын Берік Айтжанов туралы сөз қозғасам. Қызылорда өңірінің тумасы Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген. 3 жасында өнер ордасы Алматыға көшіп, балалық шағы мен жастық шағын оңтүстік астананың Іле ауданында өткізеді. Әкесі агроном, анасы бала-бақша қызметкері болған. Ата-анасының «жүз қайнаса да, сорпасы қосылмайтын» шығармашылыққа қатысы жоқ баланың актер болуы қызықты тарихқа байлаулы. Салмақ жетіспеушілігіне байланысты әскерге қабылданбаған болашақ актер көптеген мамандықтардың дәмін татып, сынап көрген. Алайда, жүрегіне жақын мамандықты таппаған соң, уақытша мейрамханада бармен болып қызмет атқарып жүрген. Мейрамханада сән агенттігінің өкілі Беріктің киноға сай сұлбасын көріп, кастингтен өтуге шақырады. Түсірілген суреттер киногерлердің қолдарына тиіп, Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмінің кастингісіне қатысады, бірақ жолы болмай фильмнен шет қалады. Осы алғашқы сәтсіздіктен кейін Берікті кино әлемі қызықтырып, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсуге бел буады. Осылай өнер саласына бағын байлап, болашаққа нық қадамдармен аяқ басады. Алғашқы кинодағы дебюты әйгілі «Біржан Салдың» режиссері Рымбек Әлпиевтің «Қасқыр уақыты» атты фильмінде Қалтай рөлін сомдаумен басталады. Бұл фильмде Берік Ақан байдың күңі рөлін сомдайды. Бұдан кейін актер өз шеберлігін Сламбек Тәуекелдің «Махамбет» фильмінде атақты батыр Махамбеттің рөлін сомдайды. Фильмде озбырлық пен отаршылдықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеп қана қоймай, Махамбет батырдың Айғаным сұлу арасындағы ғашықтық сезімдерін көрсетеді. Шығыс жекпе-жегімен айналысатын қазақ жігітін көрші Ташкент елінің режиссерлеріде байқап қалып, 12 сериядан тұратын «Застава» сериалына шақырту жібереді. Бұдан кейінгі кино өнерінде шет елде жүріп қазақтың қамын ойлаған Мұстафаға арналған, 2006 жылы түсірілген «Мұстафа Шоқай» фильмінде, Байдрахманды ойнайды(інісі). Берікті халыққа танымал еткен фильмді атамау кету, оның жасаған еңбегінің тең жартысын ұмыту дегенге саяды. Сондықтан, 2008жылы түсірілген Ақан Сатаевтің «Ағайынды» көпсериялы драмасын атамасқа амал жоқ. Себебі, Айтжановқа үлкен беделдікті әкелген Шыңғыс рөлі еді. Бұл көпсериялы драма ауылда тұратын үш ағайынды туралы. Басты кейіпкерлер - ағайынды үш жігіттің өмірі арқылы қала мен ауылдың тіршілігін: әке мен бала, жастар тәрбиесі проблемаларын, бүгінгі таңдағы қазақ ділінің ерекшелігін ашып көрсетеді. Бұл хикаяның сюжеті нағыз шынайы өмірден алынған. Күнделікті күйбең тіршілікте орын алатын әртүрлі жағдайлар, қала мен қала маңындағы ауыл адамдарының өмірі негізге алынған. Осы хикаяда басты рөлдің бірін Берік сомдап шығады. Айтжанов Шыңғыс есімді ынжықтығы бар, қайынжұртқа жалтақтығы бар азаматты сомдайды. Дәл осы сериал арқылы Берікті халық таниды. Бұл хикаяның халықтан алған алғысы мен құрметі шексіз болды. Осындай фильмнің жетістікке жетуі Беріктің актерлік шеберлегінің арқасы деп те айтуғ болады. Бұдан кейін тағы да 2010 жылы Ақан Сатаевтың қазақ кино тарихында алғаш рет «экшн» жанрында түсірілген «Ликвидатор» фильмінде басты рөлді Айтжановқа тапсырады. Фильмге жасақталған әртістік құрама мықты, өйткені мұнда отандық кино және театр өнерінің қаймақтары жиналған(бір эпизодта есіктен басын қылтитатын ит екеш иттің рөлін де 3 бірдей үміткер таңдалғанына не дерсіз). Бұндай сыннан өте алған актердің, көкжиегі кеңейіп өзіне деген сенімі артатыны белгілі. Жалпы бюджеті 2миллион доллар құраған фильмде Берік Айтжанов, Арсен есімді оққағар жігіттің рөлін атқарады. Арсен өзінің журналист ағасының кісі қолынан өлгендігін сезіп, кек қайтармаққа бел буады.
4,4(71 оценок)
Ответ:
ElliDi11
ElliDi11
12.03.2021

Объяснение:

1 ) Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды тері ойлап тапты .

П : Жасанды теріні медицинада қолдануға болатынын ғалымдар ойлап тапты.

2 ) Жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі негізінен әлемнің дамыған бірнеше елдерінде қолданыста бар .

П : Әлемнің дамыған бірнеше елдерінде жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі қолданыста бар

3 ) Еліміздің ғалымдары енді сол жетістіктерге өз күштерімен жетуге талпынып жатыр .

П : Жетістіктерге жету үшін, еліміздің ғалымдары бар күшін салып талпынуда.

4 ) Әдетте денесі қатты күйгендердің терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады .

П : Ұзақ уақытқа созылатын күйген терінің қалпына келуі бірталай.

5 ) Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа дайындалып жатыр .

П : Орталық мамандары алғашқы сәтті тәжірбиеден кейін, клиникалық сынаққа дайындалуда.

4,8(59 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ