М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
milanamva00
milanamva00
22.07.2021 03:26 •  Қазақ тiлi

Эссе на тему: "Махамбеттің жалынды жырлары-азаттықтың дабылы" 80-90 слов, могу дать больше , если дадите правильный ответ!

👇
Ответ:
nastyaangel13
nastyaangel13
22.07.2021

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады.

Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.

1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.

Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.

Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты.[1] Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

4,5(28 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sasha07022005
sasha07022005
22.07.2021

Аауыл шетінде су құйып жавасалған сырғанақ бар.

Балвалар сырғанақ теуіп жүр.

Ол жеврде ағасы мен інісі Ақан мен Асан да жвүр. Беттері қызварып кетсе де әлі ойнап жүр.

Ол екеуві төбешіктің басына шықты.

Асан шананың алдына отырамын деп жатқан еді, бірақ шананы ұстай алмай қалып, бос шана төмен сырғып кетті.

Олар шананы кім әкеледі деп ерегесіп қалды.

Ақыры сөзі өтпеген Асван төменге түсіп шананы алды да, үйіне қарай кетті.

Ақан болса не істерін білмей, тұрып қалды. Осылай дауласып қалған ағасы мен інісінің ойыны аяқсыз қалды.

Объяснение:

4,4(30 оценок)
Ответ:
kavabanga1337
kavabanga1337
22.07.2021

Ауыл шетінде су құйып жасалған сырғанақ бар. Балалар сырғанақ теуіп жүр.Ол жерде ағасы мен інісі Ақан мен Асан да жүр. Беттері қызарып кетсе де әлі ойнап жүр. Ол екеуі төбешіктің басына шықты. Асан шананың алдына отырамын деп жатқан еді, бірақ шананы ұстай алмай қалып, бос шана төмен сырғып кетті. Олар шананы кім әкеледі деп ерегесіп қалды. Ақыры сөзі өтпеген Асан төменге түсіп шананы алды да, үйіне қарай кетті. Ақан болса не істерін білмей, тұрып қалды. Осылай дауласып қалған ағасы мен інісінің ойыны аяқсыз қалды.

4,4(28 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ