Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров: ақын; ағартушы;
- Поэма жанрын жаңа арнада дамытты;
- Ол шынайы өмірді бейнелей, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты;
- Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады;
- Ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты;
- Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады.
Объяснение:
Это всё можно добавить в синквейну, также место/год рождения
п.с. надеюсь я правильно поняла что "синвен" это "синквейн"
Стиль – (латынша stylus – жазу құралы) – белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптері.
Ғылыми стиль ғылыми еңбектерде, ресми іс қағаздар стилі іс қағаздарда, публицистикалық стиль газет-журналда, көркем әдебиет стилі көркем шығармаларда, ауызекі сөйлеу стилі еркін әңгіме кезінде қолданылады.
Стильдік ерекшеліктер
Публицистикалық стиль – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелер талқыланатын, өзек етілетін функционалды стильдердің бірі. Ғылыми стиль – зерттеу нысаны болған зат пен құбылыс теориялық негіздермен дәлелденіп, ғылыми тұжырым жасалынатын стиль түрі.
Жанрлары: мақала, ақпараттық хабар, очерк, шолу, памфлет, сұхбат Жанрлары: монография, оқулық, пікір, есеп, диссертация, реферат, тезис, патент
Мақсаттары:
• ақпараттық (түрлі деректі жеткізу);
• түсініктеме-баға берушілік (деректі түсіндіру, талдау, баға беру);
• танымдық-ағартушылық (мәдени-тарихи, ғылыми білім қорын толықтыру);
• ықпал ету қызметі (көпшілік көзқарасы, санасына әсер ету). Мақсаттары:
• қоршаған шындықты мүмкіндігінше дəл жəне толық түрде түсіндіру;
• құбылыстардың арасындағы байланыстың себептерін, салдарын ұғындыру;
• тарихи дамудың заңдылықтарын ашу;
• тұжырымның өзектілігін, жаңашылдығын дәлелдеу.
Ерекшелігі: үгіт, үндеу, экспрессивті сарын, екпіннің болуы
Тілдік тәсілдері:
эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары, мақалдар, афоризмдер, тұрақты тіркестер, аудиториямен байланыс орнататын қаратпа сөздер, риторикалық сұрақтар, бұйрық рай тұлғалы сөздер, сөздердің инверсиялануы, бағалауыш лексика Ерекшелігі: логикалылық, нақтылық, дәлелдемеге негізделуі
Тілдік тәсілдері:
ғылыми терминдер,мәтіннің бірізділігін көрсететін кіріспе сөздер мен сөйлемдер: біріншіден, екіншіден, арнайы тілдік оралымдар:
... дәлелдеуге мүмкіндік береді, дәйексөздер осы шақ және ауыспалы келер шақтұлғалы етістіктер
Перифраз немесе перифраза «безендіру өнері» деген мағынаны білдіретін грек сөзі, ол заттаң, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, өзгеше атау дегенді білдіреді.
«Перифраза (ағылшын раraphrase) – сөздің бейнелі мағынада қолдану тәсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Перифраза затты, процесті, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынада қолдана отырып, соны образды түрде сипаттау, анықтау»
Парафраз, парафраза (грек. Paraphrasis сипаттау, сипаттама оралым) – 1) сөздің сөз тізбегінің мəнін басқаша түсіндіріп жеткізу.