1797 жылдардағы Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болғаны тарихтан мәлім. Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан көрнекті басшы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым батыр (1742-1802) тұрды.
Көтеріліcшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды. Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған казак-орыстар қазақ ауылдарына өзеннен өтуге тыйым салып, шұрайлы жайылым мен мал өрісінен айырып, адамдарына зорлық-зомбылық жасады. Кіші жүздің ханы Нұралының да халыққа тізесі батты. Оның қол астындағылары елді алым-салықпен қинады. Осының бәрі халықтың наразылығын күшейтіп, жаппай көтерілуге әкеп соқты. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырым жасағындағы адам саны 1000-ға жетті, оның басты міндеті патшалық өкімет орындарына қарсы күрес болатын. Сырымның өз бетімен әрекет етуі Нұралы ханға ұнамады да олардың ара-қатынасы алшақтады.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.
Объяснение: