4-тапсырма. Диалогті оқы. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелігін анықта. Қара шал не заматта көк шалғынды құйқалы өңірге ат басын
бұрған. Төбе бауырындағы шоқ жидеге жетіп аттан түскен. Шөбі
қалыңдау тұсқа еңкейе үңілген.
Тұма ғой, балам. Соңыра көзін аршиық. Ақсын сылдырап,
Адамдардан аялы алақан күтіп жатыр-ау!
көрсең, көзін аш» деген сөз бар қазақта. Бес-алты жылдай бу
жаққа ат ізін салмап едім, көрдің бе, шөп-шалам басып қалғанын.
Обал-ай, бітеліп қапты, -
Сөзден құрастырып , пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған; кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан , кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса , сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ.
(160 сөз)