Барысы:
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 - сынып оқушысы: Рахмет Сая.
2-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
Егер мен президент болсам туған еліме, байтақ жеріме, халқыма, ата – әжеме, әке – шешеме, бауырларыма тек қана бейбітшілік сыйлар едім. Бейбітшілік болса, барлық жерде бақыт орнап, тыныштық болады. Яғни президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз сияқты ақылды, дарынды, төзімді боламын.
Мен ауылда атам мен әжеммен тұрамын. Ауылдардың жағдайларын біліп өз көзіммен көріп келемін. Ауылда жарықтың өшпеуін, судың тоқтамауын қадағалап, малдардың шөпсіз қалмауын қарап, ауылды өркендетер едім. Мектептерде балалардың жақсы оқып, тек қана 4-5 ке оқу үшін жағдай жасаушы едім. Мектептерге интерактивті тақталар, ноутбуктар, планшеттер, жаңа жиһаздар, музыкалық магнитофонмен микрофондар алып берер едім. Жақсы оқыған бала, болашақта жақсы маман болады. Елімізді көркейтеді. Маман ретінде олар болашақта елімізде түрлі зауыттар мен фабрикалар ашып, түрлендіреді. Тағы да елімізді көркейту үшін ағаштар мен гүлдер отырғызар едім.
Атам маған әрқашан егер атынды елге танытқын келсе, алма ағашын өсір дейтін. Сондықтан қаншама көп ағаш отырғызып, мен елге танымал болғым келеді. Өскенде еліміздің танымал жұлдызы боламын. Президент сияқты әнші, домбырашы, елімнің қамын ойлаймын. Сондықтан мен мектепті жақсы оқып жатырмын. Мектепті жақсы оқып аяқтаған соң консерваторияға оқуға түсемін. Мен әрине жақсы оқысам, атым елге танымал болады. Бар өнерімді еліме арнап, жарық жұлдыз болуға талпынамын. Өзімді оқытып жатқан ұстаздарыма көп рахмет айтамын. Өйткені ол кісілер маған ерінбей білім береді. Ұстаздарым мен ата – анамның, елімнің арманы болашақта жүзеге асырамын деп уәде беремін
Адамдардың жақсылыққа кетулері керек .Және ол өлеңде әр адам өз еңбегімен нан табуы қажет.Жәнеде әр түрлі шаруашылық жайларда бәрін адал жолмен табу керек.