Мен Махамбеттің ұрпағымын.
Қазақтың байтақ даласын,қонақжай халқын жаудан қорғаған батырлар аз болмаған.Сондай батырлардың бірі,әйгі ақын,жалынды жыршы,күйші – Махамбет Өтемісұлы.Ол мың сегіз жүз жиырма төрт – жиырма сегізінші жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында кеңесші болса,мың сегіз жүз жиырма тоғызыншы жылы Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға екі жылдай тұтқында болады.Ал мың сегіз жүз отыз бірінші жылы абақтыдан қашқанымен,артынан ақталып шығады.Мың сегіз жүз отыз алты - мың сегіз жүз отыз сегізінші жылдардағы И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі болады.Көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады.Мың сегіз жүз отыз сегізінші жылы он екінші шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта екі жылдай жасақ жинауға әрекет жасады.Бірақ онысы жүзеге аспай,хан адамдарынан қашып жүруге тура келеді.Махамбет мың сегіз жүз қырық бесінші жылы тұтқиылдан қастандықпен өлтіріледі.
Махамбет Өтемісұлы өз шығармалары арқылы жасақтағы сарбаздардың рухын көтеріп, намысын қайрады. Ол "өзім" деп емес, "Елім!" деп күресті.
Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері.[1]Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. А көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды.
Құлагер бейнесі : түлкі төс, тазы тізе, ит жіліншік, шашақты, аласа ұршық, шүйделі, шоқтығы өргек, шідерлігі, серке сан.
Аттың сыны өлеңі : жуан, тақыр бақайлы, қалбағайлы, күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп, көтендігі шығыңқы, аламайлы, бота тірсең, бейне жел, тынышты екпінді.
Ортақ белгілері : Екеуі де шапқан атқа жеткізбес бәйге аты. Тәует бас, салпв ерін, қамыс құлақ, қураған жақ, сіңірлі, жер соғарлы, аяқтары тік, щақпақ етті.