Адамдық диқаншысы болу дегеніміз адамдарға жақсылық жасап, адалдықты қолдайтын адам болу. Адалдық адам бойындағы ең асыл қасиеттер қатарына жатады. Бұл адамдық қасиеті әр адамда болуы қажет деп санаймын. Кей адамдарда бұл қасиет жоқ па деп қаласың. Ар- ұяттан безіп, дүние қуалап кеткен адамдарды меңзеп тұрмын. Бұрындары адамдық қасиеті бар адамдар көп болған. Мысалға Ахмет Байтұрсынұлы, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов және т.б адамдарды айтуға әбден болады. Дәлел ретінде Ахмет Байтұрсынұлының "Адамдық диқаншысы"- шығармасында адамдықтың тұқымын шаштым, ектім деп, яғни адамдық қасиетін өлең арқылы оятуға тырыстым дегені болатын. Менде адалдық қасиеті баршылық. Мен бұл өзімдегі қасиетті әлі- ақ көрсететін боламын ! Мен өзімді адамдық диқаншысы ретінде есептеймін ! Мен адамдық диқаншысымын !
Балқаш көлі
алқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.
Ажалданне?ажал-зат есім. ажалдан-туынды з.е., дара з.е., дерексіз з.е., жалпы есім.,дан-шығыс септігінің жалғауы.
қашқан не істеген? етістік. негізгі түбір етістік, дара етістік, салт етістік, болымды етістік. бұрынғы өткен шақ
Қорқыт- кім? зат есім. негізгі з.е.,дара з.е.,деркті з.е., жалқы з.е.,
дүниенің не? дүние. зат есім. дүниенің--туынды з.е., дара з.е., дерексіз з.е., жалпы есім., нің-ілік септігінің жалғауы
төрт- неше? сан есім. төрт--дара с.е., негізгі с.е., есптік с.е.,
тарабын не? тарап-зат есім. туынды з.е., дара з.е., дерексіз з.е., жалпы есім. (бұған сенімді емеспін)
түгел-- жалпылау есемдігі
кезді--- не істеді? етістік түбірі кез, ді-табыс септік жалғауы. туынды түбір етістік, дара етістік, сабақты етістік, болымды етістік жедел өткен шақ
Жақсы Жауап
Отаршылдық. Қазақы ұғымы — «құлдық», «құл болу». Қазақ тарихындағы ең ауыр кезең; сүйекке таңба, көңілге дақ түсірген қасіретті кезең. Қазақ мемлекеттігінің жаңа тарихындағы Алаш орда үкіметінің рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлын ашындырып, қолына қалам алдырған басты себептердің бірі де бірегейі — туған халқының адам төзгісіз ауыр халі, отаршылдық кеп. Қазақ халқы өзінің тарихында ешкімге отар болып көрмеген екен, 150 жыл орыс отаршылдығының масқара қамытын киді. Оның зардаптары шексіз, тигізген зияны өлшеусіз. Қазақ халқы отаршылдық кезеңде малынан, жанынан айырылды. «Орнында бар оңалар»: мал да өседі, жан да өсер, бірақ бәрінен қиыны — ұлт санасына түскен құлдықтың ауыр қамыты. Құлдық сана! Қазақ «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады» дейді. Денеге кірген кеселден айығудың ұзаққа созылатынын айтып отыр. Ал рухани кеселдің ауыртпашылығын кім өлшепті; кім кесіп – пішіп айта алады? Ешкім айта алмаса керек: рухани кеселдің зардабы дене кеселінен мыңдаған есе ауыр! Дана қазақ «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» дейді. Отарлау ең алдымен басына ноқта түспеген бұла халықтың ең алдымен миына, санасына, ақыл – ойына жасалады. Миы, санасы, ақыл – ойы отарланбаған халық ешқашан, ешкімге құл болмайды. Отаршылдықты жан – дүниесімен сезінген Абайдың «бастағы ми, қолдағы малға талас қылған» деуі де сондықтан.
Міне, осындай ел басына күн туған, елдің рухы езіліп, намысы тапталған кезеңде елдің қамын ойлап, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған ерлер тарих сахнасына шығады. Ол ерлер тағы сол талайы ауыр халық ананың құрсағынан жаралады. Осы ауырлықты жан – тәнімен сезінген, «ұйқы беріп, қайғы алған» Ахмет Байтұрсынұлы өзіне – өзі «Адамдық диқаншысы» деп ат қояды. «Көлі жоқ, көгалы жоқ — қор жер» — елдігінен, бүкіл сән – салтанатынан жұрдай болған басыбайлы қоғам, отар ел — Қазақ елі. Бұл ел кезінде айдынды болғаны да, айбарлы болғаны да рас; бірақ қазір бәрін ұмытқан, дұрысы — ұмыттырған. Сол тәубесінен жаңылған, жадынан айырылған қор қоғамға өзінің кезінде кім болғанын есіне түсіру үшін көп еңбек ету керек; оның бойындағы өліп қалған адамшылықтың жасыл дарағын тірілту үшін де «адамдықтың тұқымын шашып, егу» керек. Алайда бұл азапты іске кім шыдайды, қу тандырдай кеуіп қалған топырақты қайта ылғалдандырып, оны тыңайтып, құмнан, тастан, арам шөптен тазартып, ерінбей – жалықпай егіп, суарып өнім алу үшін қаншама төзім, не деген сабыр керек?! Осы міндетін айқын сезінгендіктен де Ахмет Байтұрсынұлы өзін «Адамдық диқаншысы» деп атайды. Ал 1966 жылдың 19 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында Қамзабек ақсақалдың көп балалы отбасында тағы бір ұл дүниеге келді. Оның атын әке – шешесі ырымдап «Дихан» деп қойды. Оңтүстік — ежелден егіншілікті кәсіп еткен, жері құнарлы, шыбық шаншысаң, өзінен – өзі тал болып шығатын абат мекен. Дихан ата — қазақ мифологиясында «егіннің, егіншілердің пірі, иесі» («Жалын» журналы, 1974, № 3, 147 – б.). Шылаулы есім деген осы болса керек: кім қойса да бұл есім баланың азамат болып қалыптасуына, өмірлік жолын дұрыс таңдауына әсерін тигізгені сөзсіз. Бұл есім қойылғанда баланың болашақта барлық күш – қайратын «халықтың көңілін көгертуге» жұмсайтын «адамдық диқаншысына» айналарын әке – шешесі білді ме, білмеді ме — о жағын тап басып айта алмаймыз, алайда сәби дүние есігін шыр етіп ашқан кезде айтылатын көл – көсір елдің дұғасының қабыл болғаны анық. Дихан Қамзабекұлы өзі құрастырып, алғысөзін жазған
Объяснение: