М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Lichnosti
Lichnosti
01.11.2021 04:35 •  Қазақ тiлi

7-тапсырма. Мәтіннің стилін анықта. Кестені толтыр. Сөзіңді дәлелде. Мақсаты
қолданылатын орны
сипаты
тілдік құралдары​


7-тапсырма. Мәтіннің стилін анықта. Кестені толтыр. Сөзіңді дәлелде. Мақсатықолданылатын орнысипатыт

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Polina4645
Polina4645
01.11.2021

Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.  

Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Дегенмен, Массагет.кз сайты ең алдымен жүрегіңіздің үнін тыңдауыңызға кеңес береді.  

Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.

Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

Объяснение:

Можно ответ в лучшие

4,4(43 оценок)
Ответ:
dreadman989
dreadman989
01.11.2021

Асылында, жер бетіндегі барша халықтардың даму жолы біркелкі еместігі аян. Алғашқы

қауымдық құрылыстан неғұрлым күрделі қоғамдық өмір формаларына əр халық түрлі жолдармен,

түрлі уақыттарда өтіп отырды.

Соңғы жылдары қазіргі романның жай-күйі көп сөз болып, талай талқыға түсті. Роман

проблемасының өзекті мəселеге айналғаны соншалық – кейінгі кезде бұған бағышталып ерекше

кітаптар да жарық көрді.

Ғалым Р. Бердібайдың роман теориясының негізгі мəселелері жайлы еңбектерін бағалау үшін, ең

алдымен, романтанудағы əлем əдебиетіндегі ұстанымдарды, роман жанрының ерекшеліктерін, қазақ

романының пайда болу мен қалыптасу тарихын таразылап алу керек екендігіне көз жеткіздік.

Роман – күрделі қоғамдық сана дамуының жемісі. Ол жекелеген авторлардың туындысы

болғанмен, оны дүниеге əкелетін қоғамдық ойлау жүйесін де естен шығаруға болмайды. Қоғамдағы

ой-сана толып жетілмей, роман дүниеге келе алмайды. «Роман жанры дамуының өзіндік тарихи

ерекшелігі бар. Барлық əдеби жанрлар ішінде болмыс, өмір, адам, қоғам, тіршілік тарихын,

уақиғаларын, проблемаларын, уақыт, кеңістік өлшемдерінде көлемді түр, кестелі түрде бейнелей

алатын, тереңдей қозғайтын, көркем көрсетуге мүмкіндігі өлшеусіз мол жанр – роман.

«Аяз би», «Жармақ», «Қылкөпір», «Əн салуға əлі ерте», «Жаңғырық», «Қараөзек», «Мешкей»,

«Алаң», «Қаһарлы Алтай», «Туажат», «Тар кезең», «ХХ ғасыр», «Гүлдер мен кітаптар», «Талтүс»,

«Мұнара», «Ай қараңғысы» т.б. романдар бүгінде оқырман қауымға жаңа идея мен жаңа ой

сыйлауда. Аталған романдардың жазылуы стилі де əр түрлі.

«Адамзат барда – роман бар. Эпосқа жүк боларлық адам тағдыры андағайлайды. Бар құпия

осында, сондықтан да адамзат мифы қилы да қиян қоғаммен əдеби əлем ретінде қатар өмір сүре

берері хақ. Роман, ұлы Ахаңның (Байтұрсынов) айтуынша, — бар-жоғы əңгіме. Иə, «ұлы əңгіме». Ал

адам жүрген жерде əңгіме пəлсапаланып, өсек өре жөнеледі... Романда толқын-толқын болып туып

отырады [1,85].

Əр тағдыр – бір роман. Кез келген пенденің қысқа өмірі – ұзақ эпос, ұзын əңгіме. Олай болса,

эпос жыры ғұмыр бойы жырлана бермек» деп, Асқар Алтай айтқандай, романның халық үшін

берері көп.

Ең алдымен, қазіргі романдардың тақырыптық ауқымы кеңейе түскенін, халқымыз тарихының

түрлі кезеңдері, Қазақстанның шартараптарында болған оқиғалардың тізбегі молынан көріне

бастағанын айтар едік. Мəселен, М.Қаратаевтың «Даладағы дабыл» романы қазіргі Қарсақпай,

Байқоңыр өндіріс ошақтарының сонау 1913 жылдан бергі жай-күйін əңгімелейді, сол революциялық

қозғалыс жетекшілерінің іс-əрекетін көрсетеді. Ə.Нұрпейісов өзінің «Қан мен тер» романында Арал

балықшыларының, сол маңдағы елдердің Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ауыр өмірін

суреттейді. Ал ақын А.Тоқмағамбетов өзінің «Əке мен бала» романында Октябрь революциясынан

кейінгі кездегі Оңтүстік Қазақстанның хал-ахуалын көрсетуді көздеген. Жазушы Х.Есенжановтың

азамат соғысы жылдарының оқиғаларына арналған «Ақ Жайық» романының екінші кітабы шықты.

Қазақстанда Совет өкіметінің орнығу процесін Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін», С.Мұқановтың

4,7(52 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ