1. Мәтінді тыңда, жүргізіп оқы. Қарамен берілген сөздерге қарап, ереже құра.
Жантөре: Жайна, саған қандай жыл мезгілі көбірек
ұнайды?
Жайна: Әрине, көктем көбірек ұнайды.
Жантөре: Не себепті көктемді бәрінен артығырақ көре-
сің?
Жайна: Өйткені көктем қысқа қарағанда жылырақ, ал
жазға қарағанда салқынырақ.
Жантөре: Меніңше, бәрінен күз мезгілі жақсырақ.
Ыстық та емес, салқын да емес. Бәрінен бұрын күзде бау-
бақша піседі. Айнала сары алтындай болады. Тезірек күз
болса екен,
Көмекші есім сөздер: түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі сөздері затқа жақын қашықтықты білдірсе, алды, арты, беті, бойы – заттың тараптарына қатысын; арасы, ортасы – заттың ара қатынасындағы кеңістікті, орынды, ал іші – заттың өз шеңберіндегі мекенді, басы – заттың басталар шегін, жағы – бағыттық мағына береді.
Ыдыстың түбіне қоқыс жиналып қалыпты.
Осы көшенің бойы толған дүкен.
Үй мен мектеп арасы жап-жақын ғой.
Ол кітаптың ішіне қандай шығармалар енген?
Істің басы әрдайым қиын болады.
Ертең үй жаққа соғып қайтамын.