Объяснение:
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және көп басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Жарыстар Мәскеуде, Ленинградта, Сталинградта жүргізді. Көрнекті Қазақ ақын, Жамбыл Жабаев, Ленинградтың ауыр тағдыры туралы өлең жазды.
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін...
9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлеріміз! Олар кемде-кемде қалды. Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға көмектесу керек.
Ұлы жеңістің күнімен құтты болсын!
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын!
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жеңіс
Қасиеттi мен ауыр
Халықтарды нығайтады, көмектеседі және бiзге дейiн жетедi.
Жеңіс - біздің ата-бабаларымыздың батырлығы.
Жетістік, салтанат, мейрам
Өнері өміршең, табиғаты өзгеше жаратылған Әбілған Қастеев бір туар тұлға. Бейнелеу өнерін бедерлеуде ұлттық ұн қосқан ұлы суретші халқының өмір тіршілігін қаз қалпында бейнеледі. Өткен өмірдегі салыт- дәстүрлер, наным – сенімдер түрлі ырымдарды өнермен сабақтастыра білді. Оған шағын мысал ретінде суретшінің бала кездегі қызғылықты өмірін қыстыра кетуке болады. «кейін қойшы бала қойларын бір сәт жусатып тастап, жықпыл бойлап, аңғар аралап, асыл тастар іздеп, одан қойнында «қалашы» мол әжелерге, әсемдікке құмар әпеке-қарындастарына ұршық қуршақ жасап, түрлі моншақты маржандай тізп әкеп жүреді. Оның бұлақ басы болған бүл өнеріне әркім ақ қызыға қарайтын. Бірте-бірте ол тастан қашап түрлі мүсіндер жасауды үйренді. Алаң көңілді көкейін осы бір өнер кескен бала ұсталыққа, Зергерлікке аңсары ауып, бас көтермей талай рет алдындағы қойынан айрылды. Өзі қорлық көркен бай мен молдалардың мүсінін жасады. Одан жүрыт жағасын ұстап шошыды. Осыншама өмір қыспағына түссе дағы, өзінің өмір жолынан ешқандай адасқан жоқ. Бұдан сорақы болғанда «Әкет бәлекетті»,- деп, ағалары тер төккен тастарын шашты. Елді бұзар, шала сауат сәлделі молдалар: «Тірі адамның суретін салу күнә, кейін ақретте оған жан бітір деп қинайды»,-деп, бала талабына таң қалған жұрттың өзін қорқытты. Осы «күнәсі» үшін, ол талай рет сойдғада жығылды. бірақ асау ат жалынна жармасқандай. арманынан айрылмады. «өнерлінің қолын ұста, өнегенің жолын ұста»,- деп, Түргенбай зергерді ұстаз тұтады. Ослайша халық өнерінің қайнар көзі болған қолөнердің ғажайыптарынан сусындаған Әбілхан текемет, киіз басып, алаша тоқыған әжелері мен апаларының, әпегелері мен қарындастарының дала әуеніне толы әсем ою-өрнектерінен әсер алып, оны көңіліне тоқып, көкірегіне ұяалатып үсті. Суретші өз бойындағы бурқаған талабымен тек ауыл арасында ғана көрініп жүрді, әже апа, әпекелеріне ою-өрнек сызып беріп, түрлі әсем бұйымдар жасап алғыс алса, қайсы бір кертартпа жұрт оның өнерін құбжық көрді. Бірақ ол бұған бола салынын суға кетірмей одан ары шыңдала, шынығып шыға берді».
Объяснение: