М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
davo20051
davo20051
21.11.2022 16:26 •  Қазақ тiлi

Бақытсыз жамал авторға хат жазу

👇
Ответ:
nastalut207
nastalut207
21.11.2022

Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш жетістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағыты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. Роман алғаш жарық көргеннен бастап қазақ әйелдерінің бас бостандығының жаршысына айналды. 1910 жылы Қазанда басылып шыққан кітап қолдан-қолға тимей қазақ арасына тез тарап кетті. Сауаттысы жатып кеп оқып көзіне жас алса, сауатсыз халық сол оқығандарды жағалай отырып тыңдайтын. Сора-сора жас алып, өз бастарындағы жағдайды жіте көріп, сезіне жәбірленетін. Негізгі өзек әйел бостандығы болған соң әйел қауымы өре түрегелді. Талай басыбайлы әйел затына ой салғаны анық. Осы әйел бостандығын екі жас (Ғали мен Жамал) арасындағы махаббат мәселесі арқылы беру, романның оқырманның жанына жол тапқан кілті десек қателеспейміз. Бұл сөзімізді қаламгердің қызы Г. Дулатованың «Ардақтап өтем әкемді» атты естелігінде (Жұлдыз, 1990, 6 сан)  былай дейді: «...Бұл кітабы да елге тез тарап кетті, бізге көршілес тылдан келушілер сылтау тауып, қалап әкететін болды. Жамалдың өлеңмен баяндайтын аянышты өмірінен қыз-келіншектер өз бастарынан кешкен қайғысын, мұң зарын көрді. Романды оқығанда олар көз жастарын тыя алмай, уһілеп отыратын. Үлкендер жағы кешкі отырыстарда «Бақытсыз Жамалдың» хикаясын әңгімелесе, жастар жиын-тойларда кітаптағы өлең жырларды әнге қосып айтатын».

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/syn/24305/

Объяснение:

4,4(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
RaiderUp
RaiderUp
21.11.2022

Объяснение:

Қазақстан – биіктігі мыңдаған метрге жететін шыңдары және мұздықтарынан, ұшы қиыры жоқ даласы мен адамды таңғалдыратын каньондарына дейін адам сенгісіз табиғи сұлулық ұсынатын ел. Осындай адамды сиқырлап алатын табиғаттың да өзіндік қатаң шарттары болады. Қыс маусымы күнделікті тұрмыста қиындық әкелсе де, Қазақстан даласы мен каньондары қақаған қыста да адамдарды тамсандыруын жалғастырады.

Қазақ елінің ұшы қиыры көрінбейтін жері көпшілік шетелдік ойлайтындай теп-тегіс далалық емес, керісінше өзгеріп отыратын түрлі әсемдіктерге толы. Қазақстанда Еуропадағы секілді Альп тауларын, Африкадағы секілді сусылдаған құм төбелерін, Америкадағы секілді каньон-шатқалдар немесе адам аяғы бастаған мидай дала кездестіру – қалыпты жағдай.

Жазғы мезгілде адамды өзіне қайран қылатын дала мен шатқалдар қысқы уақытта да сүйсіндіреді. Осындай адам тойғысыз көріністер елдің шетелдерге таныстырылуына да үлкен үлес қосады. Сонымен бірге туризм секторының дамуына да пайдасы мол.

4,8(58 оценок)
Ответ:

ответ:Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі елімізде барша азаматтар үшін ұлты мен нәсіліне қарамастан темірқазық тілге айналуы керек. Басқаша болуы да мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, мәселен, өркениетті елдердің қай-қайсысына барсаңыз да, мемлекеттік тілдерінің үстем екенін байқайсыз. Сол елдің барлық азаматтары бір тілде сөйлеп, бір тілде тіршілік жасайды. Ал, бірақ ұлттары әртүрлі болуы мүмкін. Демек, мемлекеттік тілдің өзі қоғамды топтастырып, елді біріктірудегі тигізер үлес-салмағы аз емес. Осы тұрғы­дан келгенде мемлекеттік тілді ар­дақтап, құрметтеуді әрбір қоғам мүшесі саналы түрде үйренсе дейсің. Президентіміздің жуыр­дағы мақаласында санамызды өзгерту жайы жақсы айтылды. Сананы өзгертудің бір ұшы мемлекеттік тілге деген оң көзқарас орнықтырып, соған сай әрекет етуге көшуде жатқан жоқ па?!

Еліміздің ұлтаралық саясаты – достыққа, бірлік пен ынты­маққа негізделіп келеді. Бұл дұрыс. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ал енді осы құндылықтар арқылы қоғам мүшелері қазақ тілі­нің дәрежесін арттыруға күш салып, белсенділік танытулары керек-ақ. Бірақ ондай белсенділік әзірге байқал­май келе жатқанын несіне жасы­райық. Бұған қашан және қай уақытта жетеміз? Жету үшін соған деген ниет, ықылас та, ең бастысы қолдау керек. Әрбір азамат мемлекеттік тілді мең­геріп алуды өзі үшін парыз деп білсе және соған мақсатты түрде әрекет жасаса, нәтиже де ойдағыдай болады.

Объяснение:

4,6(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ