М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Lololoshka98
Lololoshka98
05.09.2021 19:08 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма Қазақ тілі 6 сынып. Оқылым мәтінінен есімдіктерді тауып, теріп жазыңдыр. Мағыналық түрлерін ажыратыңдар.

Ертеректе Балқаш көдлінің күнбатыс жағын мекендеген жұрт бұл айдынды «Ақ теңіз» деп атаған. Ал шығыстағы жұрт «Жұмбақ көл» атандырыпты.

Ертеде мыңғырған мал айдаған бір байдың Балқия деген айдай ару, күндей көркем қызы болыпты. Ел-жұрты Балқияның ақылы мен көркіне тамсанып, оны «Балқияжан, Балқаш» деп еркелетіп айтатын болыпты.

Қатал салт-дәстүрдің құрбаны болған Балқаш қыз сүйгені Ерденге қосыла алмай, осы шалқар көлдің жағалауында дүние салған екен. Самал жел, сыңсыған ну, байтақ дала адам-заттың қайғысына ортақтасып, Балқаш қызды жоқтап қала береді.

Содан бері көл бойын жағалай қонған жұрт айна бетіндей жарқыраған қасиетті айдынды «Балқаштың көлі» деп атаған екен.

ОЧЕНЬ ВАЖНО.

👇
Ответ:
scullboy1
scullboy1
05.09.2021

Сілтеу есімдік: бұл

Белгісіздік есімдік: бір

Жіктеу есімдік: оны

4,7(39 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
trubadurov01
trubadurov01
05.09.2021

1 -тапсырма:

1)Үлкендер дастархан басында қымыз ішіп, әзілдесіп отырады.

2)Қыз -келіншектер бұралып, білектерін түріп, көңілді күймен үй тігіп жүреді.

3)Бозбалалар көш жағалап,су жағалап, құс салғызып немесе мылтықпен аң аулап жүреді .

2-тапсырма:

"Жаз мезгіліндегі жайлаудағы демалыс "

Мен жаз бола салысымен, жайлауға көшіп жатқан атам мен әжемнің үйіне қаладан қонаққа бардым.Бара салысымен мол дастарқан жайылып, ата-әжеммен әңгіме дүкен құрып, шағын мерекеге айналды. Әжемнің сақырлаған самаурыннынан тәтті шәйін ішіп болған соң, басқа көршілердің киіз үйлерін тігуге көмектестік.Болған соң ауыл баларымен атқа мінуді үйрендім.Келесі күні атам таң атпастан қой бағуға алып кетті.Мен үшін бұл күн керемет өтті.Атаммен өзенде жүрген аққуларды көріп ,қой бағып, келерде өзенге шомылыпта қайттық.

4,4(83 оценок)
Ответ:
PølîñA666
PølîñA666
05.09.2021

«Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..» - Абайдың 1898 ж. жазған өлеңі

Жалпы алғанда, бұл жырдың тақырыбы - ойшыл адамның, әсіресе сыршыл ақындардың анық тоқтайтын тақырыбы. Өмірдің өріне жетіп, оның ішінде талай қиыр кезең жолдарын басып өтіп, енді тірлік сапарын таусарманға келгенде айтатын шерлі сыр болады. Бұл өлеңде көп жайдың түйіні бар. Кеше ғана көрген соққының салдары ғана емес, өмірінің ұзын бойын шолып келіп, дәл осы жылда өлімді айтып отырған Абай аса қымбат қасиет табады. Ол келешекпен тілдеседі. Өз халқының кейінгі ұзақ тарихына өлместік із қалдырып отырғанына сенім артады. Қасиет дейтініміз - елім жайынан бастап, өлместің сырына ауысады. В. Г. Белинскийдің А. С. Пушкин жайында айтқан бір пікірінде: «Ақын - данышпанның қайсысы болса да алдыңғы заманды аша алмайды, бірақ әр кезде ол келешектің, көпшілік көзіне көрінбестің мазмұн мен мәнін болжай біледі», - деген. Әрине, Абай да өз халқының болашағын сол Белинский айтқандай болжаған. Халқының келешегіне, тарихына айқын етіп айтқан шешуі жоқ, ол, Белинский айтқандай, мүмкін де емес. Бірақ, сонымен қатар, Абай өзі өмір кешкен заманнан басқаша, артық заман болатынын болжайды. Сол заманның адамымен сөйлескендей болады.

Объяснение:

4,7(58 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ