Объяснение:
Архаизм - көнерген сөздер. Бұған ескі әдебиеттерде кездесетін, қазіргі кезде жиі қолданылмайтын сөздер, сөз тіркестері жатады.
Историзм тарихи сөз — атап білдіретін заттары мен құбылыстары өмірде жоқ, көнеріп қолданудан шығып қалған сөздер мен тұрақты сөз тіркестері.
Неологизм– қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар .
Диалект сөздер - Жалпы халықтық тілде қолданылып, сөздік құрамға енетін сөздер сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті болып келеді. Сондай-ақ жалпылама қолданыла бермейтін, тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер бар. Кәсіби сөздер- бір нақты кәсіппен айналысатын адамдарға ғана белгілі сөздер . Термин - ғылым, техника, өнер туралы және т.б. кейбір тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі.
Эвфемизм – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу.
Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі.
ҚИЯЛ ҚАНАТЫНДА
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Ұлылардан — ұлағат
Қиял! Мүнсыз ақын да, философ та... тіпті адам болуы да мүмкін емес.
Д. Дидро
Армандай білуге бейімділікте де үлы даналық бар.
А. Франс
... арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.
Ғ. Мустафин
Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді бакытсыздыққа душар етуі де мүмкін.