150 жас өмір сүру мүмкін бе? ғылым бойынша жоқ, бірақ кей адамдар оны дəлелдеуде. бір ұзақ өмір сүрген адам айтыпты: əр күніңді өміріңнің соңындай етіп сүр. бірақ ол əр күнді өлеи деген қорқынышпен сүр деп айтпады. менің бұдан түсінгенім, əр күніңді пайдалы өткізу керек. өмірде көптеген ұзақ өмір сүрушілер бар, яғни олар 100 жастық мерейтойларын тойлауда.Бірақ 122 жаста өмірден озған тағы бір ұзақ өмір сүруші бар ол- Жанна луиза кальман. оны қоя берші! 256 жыл өмір сүрген адам болыпты! ол ли циньюнъ болған еді. алайда мен сенімді болмасам да ,екінші ұзақ өмір сүруші жайлы ақпаратты өтірік деп ойлаймын.Ли циньънюн болса, ауа жаттығуларын жасап, əлі күнге дейін құрамы белгісіз шөптен жасалған тұнбаны ішкен екен.
Қазақстанның әлем кеңістігіндегі имиджі.
Еліміз 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, өз алдына егемен мемлекет болды. 28 жылдың ішінде елімізде бірқатар өзгерістер орын алып, бүгінде Қазақстан - әлемдік картада өзіндік орны бар, бүкіл әлем мойындаған тәуелсіз ел. Егемендік алғаннан бері ұлттық валюта енгізіліп, жаңа Астанамыз бой көтеріп, елдігіміздің нышандары (Әнұран, Ту, Елтаңба) белгіленді, қысқы Азиада ойындары, ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі т.б. бірқатар елеулі оқиғалар орын алды.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны мен мәртебесі бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, батыр бабаларымыздың ұрпағы болғаным - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отанымның саясаты мен экономикасының дамуына бар күш - жігерімді арнағым келеді.