"Сымбат" сән академиясы 1947 жылы тігін зертханасы болып құрылған.
1972 жылы Қазақстан мамандарының сән үлгілері алғаш рет шетелге шығарылды. 1988 жылы "Сымбат" сән үй "Золотая Лента" бас жүлдесіне ие болды. 1987 жылы "Сымбат" сән театрының негізі қаланды. "Сымбат" сән журналы 1958 жылдан бастап жарық көре бастады. "Ерке-Нұр" компаниясының жанынан 2007 жылдан бері "Ерке-Нұр" атты қыз-келіншектерге арналған әдеби-танымдық сән журналы шығып келеді.
Объяснение:
Можете сделать как лучший ответ если не трудно)
Конгресс кітапханасының іргетасы 1800 жылы 24 сәуірде АҚШ президенті Джон Адамс мемлекет астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заң қабылдағанда қаланды.
Бұл заңда Конгреске қажет болатын кітаптар мен оларға арналған кітап сақтайтын қоймаларды жолдауға 5000$ бөлінді.
Кітапхананың тұңғыш қорына 740 кітап пен Лондонда сатылып алынған 63 Американың географиялық картасы енді. Бұл ғылыми кітапхана өндірістік компаниялармен, жеке фирмаларға, зерттеу орталықтары, өкіметтік . 1987 жылдан бері кітапхана директоры Джеймс Биллингтон атқарып келеді.
Менің қиялым.
Менің бала күннен арманым – ұшқыш болу. Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ұшқыштар жер мен көкті жалғап, аспан әлеміне саяхаттап, ел мен жерді ұшақ арқылы байланыстыратын адамдар. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдап қараймын. Болашақта асқақ арманым орындалып, мақсатыма қол жеткізу үшін бар ынта – жігерімді саламын.
Ұшқыш болу үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ұшқыштар алыс сапарларға аттанбас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады, өз білімдерін жетілдіреді.
Мықты денсаулық пен жақсы білім мен қатар ұшқыш болу үшін шет тілдерін де жетік меңгеру керек, әсіресе қазір барлық әлемде ағылшын тілі авиацияда кеңінен қолданылады. Сондықтан мен ағылшын тілін аса зор ынтамен оқып, үйренудемін.
Әлемнің түкпір – түкпіріне саяхаттап, отбасыма да жер жүзін көрсеткім келеді. Дегенмен, қанша шетелді аралап жүрсем де, жүрегім тек «Қазақстан» деп соғады, себебі бұл менің туған жерім. Сөз соңында Қасым Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» атты өлеңі менің ойымды түйіндей түседі:
Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самолеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, Күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді! ...