А ң атты ауыздықтап мінуі және ер-тұрманды ойлап табуы шын мәнінде ұлы жаңалық болды. Ердің шығуы жайында Орта Азия халықтарында мынадай аңыз бар. «Бірнеше мың жыл бұрын мұсылман патшасы Жәмшид ұзаққа созылған атты жорықтан соң, артын жарақаттап алады, ауырған жерін жеңілдету үшін, атының арқасына иленген нан (қамыр, жайма) салғызып мінеді. Ауырған жері жазылып жайма нанның аттың арқасына келісті формаға келіп қатая бастағанын байқаған патша, аяғының талғанын қойдыру үшін, ат үстінен тұзақ тастап, оған аяғын салады, аяғының талғаны тоқтайды. Сонда патша жайма нанның формасындай етіп, ағаш пен былғарыдан зат жасауды бұйырады. Сөйтіп бұл нәрсені ер деп атайды» [1, 3 б.].
Еуразияның көне жылқышы тайпалары скиф, сақтардың ер-тұрмандары жұмсақ болып, атқа салатын, бір-бір айылмен тартылатын жайдақ тоқымнан көп айрымашылығы жоқ еді. Пазырық, Берел қорғандарынан табылған ер-тұрмандар тоқымнан, ердің екі қасына ұқсастырып жасалған ішіне шөп, бұғының жүнін тыққан екі көпшіктен, айыл-тартпадан, өмілдірік және құйысқаннан тұрды. Еуропалық скифтерде құйысқан да болған жоқ, оны Чертомлық құмырасының бүйіріндегі суреттен көруге болады.
Біздің заманымыздың бір мың жылдығы мен екі мың жылдығының өліарасында қастары аласа, жұқа, үлкен қапталғысы бар қатты ердің орнына ердің жаңа үлгісі пайда болды. Аттың бүйіріне бататын қалың қапталғылар жұқа ағаш қапталдарға айналды, керісінше, қастары биіктеліп қалыңдана түсті. Бұрынғы көнетүркі ерлерінде шеңберлене біткен қалың мықты қапталғыларға ердің қастары ішкі жағынан бекітілетін еді. Демек, ердің қасы қапталғыларға түсіп, қапталғылар аттың бүйірін қысып, аттың жүрісіне әсер етті. Ал жаңа ерлердің құрылысында биік қалың қастар жұқалау шағын қапталдарға сырт жағынан мызғымайтын етіп отырғызылды. Бұрын ердің қасы қапталғының ішкі жағынан байланатын еді, сөйтіп үлкен қапталғылар (лопасть) жеңіл қапталдарға (полка) айналды. Зерттеуші Д.Г.Савиновтың көрсеткеніндей осы өзгерістердің нәтиже
-сәлем, Жанар!
-сәлем, Ақерке!
-сен қайда бара жатырсың?
-мен спортпен шұғылдану бара жатырмын!
-спорт адам денсаулығына пайдалы ма?
-әрине! Спорт сені мықты, сау етеді.
-ал сау болу үшін тек қана спортпен айналысу керек пе?
-иә, сау болғың келсе дұрыс тамақтану, ерте тұру, таңертең жаттығу жасап, жүгіру қажет!
-пайдалы тамаққа не жатады?
-Витамины бар тағамдар. Мысалы: қияр, қызанақ, алма және т.б
-Адам сау болу үшін неше сағат ұйықтау керек?
-Сау болғың келсе 7 сағаттан артық ұйықтамау тиіссің!
-Чепион болу үшін не істеу қажет?
-Ережелерді сақтап, спортпен шұғылдану керек!
-Мен енді спортпен айналысамын, сау бол!
-Сау бол!