М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
valeria204567
valeria204567
10.01.2021 08:53 •  Қазақ тiлi

Жусан исі повесттіне жоспар құру Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл,ақылды бала болған. Негізі ол ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.

II бөлім Өңдеу
Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған балалар ертегіге кіріп кетеді. Бұл кезде олар соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.

III бөлім Өңдеу
Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Ол көп ойынға араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы еді. Одан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.

IV бөлім Өңдеу
Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Кейін Аянды балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
olgas2000
olgas2000
10.01.2021

Астана күні қалай тойланады?

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Астана күні елімізде мемлекеттік мереке саналды, әр жылдың 6 шілдесінде қала күні аталып өтіледі. Жыл сайын бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды іс – шаралар, мерекелік концерттер, көрмелер, халықтық серуендер, спорттық сайыстар, ұлттық ойындар, түрлі фестивальдер ұйымдастырылады. Елордаға алыс – жақын шетелдер мен еліміздің бардық аймақтарынан қонақтар мен әртістер келіп, мерекелік концертке қатысады. Қала күні қарсаңында басталған мерекелік іс – шаралар айдың соңына дейін жалғасын табады. Бұл күні жас жұбайлар отау тігуді де дәстүрге айналдырған. Мерекенің соңы үлкен отшашумен аяқталады.

4,8(92 оценок)
Ответ:
2006yfcnz
2006yfcnz
10.01.2021
Тарас Бульба " Гоголь шамамен 10 жыл жұмыс істеді. 1835 ж. "Миргород" жинағына енген повестің бірінші редакциясы көп ұзамай жазушыны қанағаттандырмады және ол оны қайта өңдеуге кірісті. Тек 1842 жылы ғана осы тамаша жұмыс аяқталды. 1842 жылдың редакциясы "миргородской" стилінде де, идеялық мағынада да айтарлықтай ерекшеленіп, әңгіме мәтіні екі есе дерлік кеңейтілгенін айтпағанда. Айта кету керек, "Тарас Бульба" екінші редакциясының жұмысы уақыт бойынша "өлі жан"жұмысына сәйкес келді. Екі шығарма да жазушының сүйікті балалары болды. Онда ол өзінің барлық жан — дүниесін салды — "өлі жандарда "Ресей-дворяндықтың билеуші сословиесінің аяусыз бөлшектелуінде керемет көрініс алған қазіргі заманғы" гнусной шындық туралы ащы ойлар, және "Тарас Бульба"батыр эпопеясының бекіткен пафосында көрініс тапқан орыс халқының тамаша ұлттық-батырлық белгілері туралы ойлар. В. Г. Белинский "Тарас Бульба" повесін өзінің бостандығы мен ұлттық тәуелсіздігі үшін халықтың ерлік күресінің ұлы эпосы ретінде бағалады. Гогольдің Украина тарихына қызығушылық "Тарас Бульбойдың" жұмысы басталғаннан әлдеқайда ерте көрінеді және оның бүкіл шығармашылығы бойы әлсіремейді. Гоголь Тарас Бульбеде Украинаның тарихының ең қызықты драмалық сәттерінің бірі — XVI және XVII жүзжылдықтардың рубежасында шляхетскаяның жағынан оның бостандығына қол сұғушылыққа қарсы украин халқының күресін бейнелеуге мақсат қойды.
2.
Анасын көргенде, оның ұлдары да атқа қонғанын көргенде, ол азғындыққа ұрды, оның беткейінде қандай да бір нәзіктіктің айқын көрінген: ол оны үзеңгі ұстап, ол ершікке жабысып, оны көз алдыңда үмітпен өз қолынан шығармады. Екі дюжих казак оны ұқыпты қабылдап, хатқа алып кетті. Бірақ олар қақпа сыртына шыққанда, ол жабайы ешкінің барлық жеңілдіктерімен, оның адамдарына, қақпадан жүгіріп шығып, атын тоқтатып, бір ұлының бірін көкоймен алып кеткен.
4,4(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ