Энергетикалық дағдарыс туралы диалог.
Студенттер: - Саламатсыз ба?
Мұғалім: - Саламатсыздар ма!Оқушылар түгел ме?Түгел болса сабағымызды бастайық.Алдында мен сіздерге энергетикалық дағдарыс туралы түсіндіріп өткен едім.Енді сұрақ қойып,дайындықтарыңызды тексерейін.Энергетикалық дағдарыс дегеніміз не?
Студент: - Мен айтайыншы!
Мұғалім: - Ия,жауап беріп көріңіз.
Сутдент: - Энергетикалық дағдарыс - капитализмнің циклдік емес экономикалық дағдарыстарының бір түрі.Басқаша айтқанда,бастапқы энергия көздерінің жетіспеушілігінен туындаған дағдарыс.
Мұғалім: - Өте дұрыс.Бұл дағдарыс бізге нені көрсетеді?Сіз жауап беріңізші,соңғы партадағы студент.
Студент: - Энергия тұтынудың өсуі мен оны өндіру көлемі арасындағы сәйкессіздікті көрсетеді.
Мұғалім: - Жарайсың.Ал енді өзің қалған студенттерге осы тақырыпта сұрақ қойшы.
Студент: - Энергетикалық дағдарыс ең алғаш қай уақытта пайда болды? Арай,сен жауап берсең.
Арай: - 1973 және 1979-1981 жж. соңында пайда болған.
Мұғалім: - Өте дұрыс.Отыра беріңдер.Ал сол кездегі энергетикалық кризис не себептен пайда болған еді?Кім біледі?
Студент: - Ағай,мен білемін.Энергетикалық ресурстарға, ең алдымен, мұнайға бағаның бірнеше есеге артуына байланысты пайда болды.
Мұғалім: - Дұрыс.Жауап берген студенттерге тиісті бағаларын қойып беремін.Ал бүгін экожүйелік қызметтер және биоәртүрлілік деген тақырыпта сөз қозғаймыз.
Театр.
Театр – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеум. міндеттерін орындай алады. Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұның өзі сахна мен көрермендердің рухани ой-сезім күйлерінің бір-бірімен өзара ұштасуын, оған қоса спектакльді жасаушылар мен көпшілік қауымның арасындағы жалпы мақсаттың ортақ болып, бір арнадан шығуын талап етеді.
а что нпдо сделатьЕсли обьясните нвр смогу