Тәуелдік әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.
Қарым - қатынас – адам іс - әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс - тіршіліктің негізгі арқауы. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым - қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым - ишара, белгі, таңба арқылы да бір - біріне мағлұмат бере алады. Тіпті қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау, тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым - қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым - қатынастық қызмет атқаратынын біле бермейміз. Сөйлесу - қарым - қатынастың негізгі түрі.Адами қарым - қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады.
Біз әкемнің туылған күнін алдағы уақытта атап өтеміз.
Мен өскенде өз міндетімді адал атқарамын.
Біз ертең батыс жаққа қарай беттейміз.
Аллыңғы уақытта мектепке терезелерді орнатамыз.