Алаш ел болғалы халқымыз қастерлеген салт-дәстүрлеріміздің әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар екендігі белгілі. Солардың ішінде рухани-әлеуметтік құндылығы жағынан ерекше орны бар дәстүрлеріміздің бірі – ас беру.Түп негізінде қайтыс болған адамның аруағы риза болсын деп еске алу кәдесі жатқан ас беру дәстүрін халқымыз бір жағынан той деп есептеген. Ат шаптырып, бәйге берген. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейтін қазақ, «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?» дегенді де айтқан. Бұл ас беру дәстүрінің қаншалықты салмақты орны барын, оның ел өмірінде ағайындық тетікті жандандырып, баршаға елеулі ықпал ететін қозғаушылық күші бар жөн-жоралғы екенін дәлелдейді.
Қазақ даласында елге атағы шыққан арқалы адамдарға талай мәрте ас берілгені тарихтан белгілі. Оның дақпырты мен дабылы алты Алашқа жетіп, ауыздан-ауызға тараған. Үш жүзге сауын айтылып, есепсіз мал сойылып, жүздеген, мыңдаған үй тігіліп, даланы ұлан-асыр думанға бөлеген. Асқа әр елдің ақылман ақсақалдары мен билері, батырлары, өнерпаздары мен балуандары, көкпаршы, мергендері шақырылып, шашасына шаң жұқпас жүйріктері алдырылып, әлеуметтік үлкен маңызы бар берекелі шара өткізілген.Сөзіміз жалаң болмасын, өткен заманға үңіліп, азырақ еске түсіріп көрейік. Аңыз ретінде де, тарихи нақты дерек ретінде де тіркелген әңгімелерге назар аударсақ, сайын далада Алаш жұрты айта жүретін талай айтулы ас берілген екен. Солардың бірі – 1860 жылы Қарқаралы өңірінде Ерден Сандыбайұлына берілген ас. Осы алқалы асқа Арқа төсінде 500 киіз үй тігіліп, 160 жылқы, 200 қой сойылған. Тұлпардың дүбірі елді аяғынан тік тұрғызып, бас бәйгеге 100 жылқы тігілген.Ел аузында аңыз болып жүрген Абылай ханның асы, Өскенбайдың асы, Сағынайдың асы сол кезеңдегі қазақ қоғамының бірлігін, сынға түсер сындарлығын, ас беруші ағайынның мырзалығы мен жомарттығын, тіпті рудың, елдің бедел биігін танытқандай.Қай жерде де, қай өңірде де ас алдымен оны ұйымдастырушы жұрттың намысы мен абыройын бағалауға негіз болды. Тарихи деректер ас беруші оны жоғары береке-бірлікте өткізуге, асқа жиналғандардың талап-тілегін қанағаттандырып, ата-баба дәстүріне сай жол-жобасын сақтап, қонақтарға қалтқысыз қызмет етуге тырысқанын көрсетеді.
Жауаптары:
Білу
1) Бес нәрсеге асық,бес нәрседен қашық бол дейді.
2) Бес дұшпан:өсек,өтірік,мақтаншақ,
еріншек,бекер мал шашпақ.
3) Бес асыл іс:талап, еңбек, терең ой,қанағат,рақым.
4) Ғылымды таппай мақтанбау керектігін,бір ғалымды көрсең,ондай бола алмаймын деп айтпа дейді.Болмасаң да,ғалым болуға тырысу керек дейді.Жанбай жатып сөнсеңіз,ғылымды сізге ешкім бермейтіндігін айтады.
Түсіну
1) Адам болу үшін бес нәрседен қашық боп,бес асыл іске асық болу керек.
2) Сен біреу үшін білім үйренсең сенің білгенің бекерге кеткені.Өзің үшін оқып-білу керек.
3) Себебі,сол жақсы қасиеттерден жақсы істер жасалады.
Жинақтау
Өлеңнің басты идеясы - жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы,алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі,міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау.
Қолдану
2) Кестені толтыру
Асыл іс. Бес дұшпан.
1 талап. өсек,
2 еңбек. өтірік,
3 терең ой. мақтаншақ,
4 қанағат еріншек,
5 рақым бекер мал шашпақ.