Ат әбзелдері, ер-тоқым- бұлар атқа отыру үшін арналған құралдар.
Шығармашылықпен ойлау- қазақ халқында ақындық сөз өнері кеңінен дамығаннан соң, олар сол жағына көптеп мән беріп, ой елегіне салып барып ойлауды айтады.
Руна- ертеректе көне жазу, (кириллица тәріздес, кадімгі алғашқы жазуды солай атаған, яғни тасқа қашап жазған)
Жәдігер- тарихи құнды дүниені солай атаған.
Би-шешен- бұлар ақындар, немесе қазылар деп те келеді. Яғни ойы ұшқыр, әдемі сөйлеп, өз төрелігін өткізетін.
Әділ шешім- дұрыс шығарылған шешім
Басқару- басшылық ету
мұрагер- бір нәрсеге ие болып қалу
Объяснение:
7-тапсырма.
Көшпенділердің материалдық мәдениеттің жәдігерлері: киіз үй, ер-тоқым, ат әбзелдері, теріден, ағаштан жасалған ыдыс аяқ, бесік және тұрмыстық заттар.
Көшпенділердің рухани мәдениетінің жәдігерлері: руна жазуы, көне түркі алфавиті, күйлер, ауыз әдебиеті, тапқыр сөздер.
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.