Зыңдар. 3. Мәтінге есімдіктерді қосып, қайта жазыңдар.
Қазақстан бойынша жиырма мыңнан астам, ал тек Маң-
ғыстау өлкесінде 4168 құдық болған екен. Олар көшпелі хал-
Қымыздың өмір тіршілігінің көзі болып саналғанмен, бүгінде
олардың көпшілігінің күтімі болмағандықтан көзі бітіп, суы
тартылып, істен шыққан.
Жеті қабат жер астындағы судың ащы-тұщысын тап басып
алатын, оның мол-аздығын алдын ала болжайтын білгір
құдықшылар аз болмаған. Ши өсіп тұрған жерлер мен жан-
тақты ойпаттарда тұщы су көздері мол және олар жер бетіне
таба
жақын болып келеді.
(Темірхан Медетбеков)
кто тому
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)