Тапсырма: Бердібек Соқпақбаевқа оқырман ретінде хат жазыңдар.Төменде үлгіде хат жазу үлгісі берілген. Үлгі: (Дулат Бабатайұлына арналып жазылған хаттан беріліп тұрған мысал)
Сәлеметсіз бе! Дулат ата. Мен 5-сынып оқушысымын. Бүгін әдебиет сабағында Сіздің өмірбаяныңызбен және шығармашылығыңызбен таныстым. "Өсиетнама" деген кітабыныз бар екен. Сіз сияқты адамдарды мақтан тұту керек. Сіздің көптеген өлендерініздің арасынан ең ерекшесі 《О, Ақтан жас》. Себебі сіз ол жақта өзініздің ойынызды толықтай жеткізе алғансыз. Және жетім балаға үміт бергенсіз. Жетімдіктің қандай екенің көрген Ақтанға үміт беріп оған:"Сұлу сүйер ме екенсің? Сауыт киер ме екенсің" деп оның елін қорғайтын батыр болуын қалайсыз, оның жетімдіктен қол үзіп, жақсы өмірге жететініне сенім бердініз. Әлемде барлық адамның барлығы сіз сияқты болса екен. Сіз сияқты болу- негізі менің арманым. Мен сіз туралы интернет көздерінен оқыдым. Әдебиет кітабында сіз туралы толық жазылмапты. Енді мен сіз туралы көптеген мәліметтер білетін боламын. Дулат Бабатайұлы кім деп біреу сұраса,тез білетінімнің барлығын айтып бере аламын.
Жарайды, Сау болыңыз! Сізді ұмытпайтын боламын. Жақын арада өзінізге тағы да хат жазып, әңгімелесіп отыратын боламын. Менің сұрақтарыма жауап жазыңыз.
Құрметпен мен (аты-жөні).
Жер ананың сұлу қыздары.Ертеде Жер ана дүниеге екі сәби әкеледі.Екеуі туылғанда Жер ана біреуіне Ай , екіншісіне Күн деген есімдерді береді.Жер Күн мен Айды мәпелеп ,алтын бесікте бірдей тербетіп өсіреді.Осылайша екі ару өсе береді.Сұлулар өскен сайын бір-біріне сүйіспеншілік емес, жек көрініш пайда болады.Күн де Ай да әркез айнаға қарап әдеміліктерін тамашалаумен болатын.Ия дәл солай, олардың жек көрінішін пайда болғызған міне осы сұлулықтарында еді.Екеуінде де әрқашан кім сұлу?-деген сауал туындайтын.Ай ару Күннің жарқылын жек көретін.Онымен бүкіл әлем жарқырап, тіпті Ай да жарқылдайтын.Екеуі тіл табыса алмайтынын түсінген Ай анасы Жерге барып -Анашым мен Күнмен бірге тұра алмаймын, екеуімізді екі жаққа бөліп тастауыңызды өтінемін –дегенде Жер ана қатты ашуланады.Айға рұқсатын бермейді,сонымен қатар екеуіне Жер ана іштей қайғырып, жас қыздарының болашағына алаңдайды. Ең қорқыныштысы сұлу қыздарының бір-бірінен ажырап кетуі еді.Ай Күнге барып -Екеуіміз екі бөлек жандармыз.Мұны анамыз Жерге түсіндіру керек екеуіміз ешқашан тіл табыса алмаймыз-дегенде Күн де қалыспай: -Демек мен саған қарағанда сұлу екенімді мойындап , менен бөлініп кетпексің ғой –дейді. Бойын ашу ыза кернеген Ай Күнге барып ерегіседі.Ерегісіп жатқанда ашуланған Күн Айдың әдемі бетін тырнап тастайды. Ай арудың беті қатты теңбілденіп қалады.Оны көрген Ай қатты қайғыға батып, көз жасы көл болады.Сұлулығынан айырылған Ай Жер ананың рұқсатымсыз алысқа кетіп қалады Күн Айдан кешірім сұрау үшін оны қанша іздесе де таппайды. Ал Ай болса түрінен ұялып Күннен қашып жүреді.Апалы сіңлі қанша тырысса да бірге бола алмайды.Енді мүлдем кеш еді.Сол сәттен бастап екеуі бір-бірін ешқашан көрмепті.Күн ұйқыға кеткенде Ай шығып, Ай ұйқыға кеткенде Күн шығыпты. Біз де туған бауырларымызға қамқор болмасақ, кейін арамыз бөлініп кетуі мүмкін.